8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Ақпан 2021 1636 0
Өзек

«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ШАРАСЫ КЕЗІНДЕ 1 МЫҢНАН АСА ЖОЛ ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІНІҢ БҰЗЫЛУЫ ТІРКЕЛДІ

 2- 7 ақпан аралығында Орал қаласында  «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс- шарасы өткізілді. Кеше, 7 ақпанда аталмыш іс- шараның нәтижелері шығарылып, түйінделді.

Осы аралықта сақшылар жол жүру ережелерін бұзған 1188 фактіні анықтады. Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы кодекстің 590-бабымен көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу фактісімен 116 хаттама толтырылған. Көлік құралдарын басқару кезінде 41 жүргізушінің ұялы телефонмен сөйлескені анықталса, қала ішіндегі жолдарда жылдамдықты шамадан тыс үдеткен 288 жүргізуші, қауіпсіздік белдігін тақпаған 68 жүргізуші, көлік құралын масаң күйде басқарған 22 жүргізуші айыппұл төлеуге мәжбүр.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы кодекстің 615-бабына сай- жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзған 205 жаяу жүргіншіге тәртіп сақшылары хаттама толтырды, 46 көлік арнайы автотұраққа қойылды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
145 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
334 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»