8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Ақпан 2021 1521 0
Қалалықтар қаперіне

ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ КӨЛІККЕ ҚАТЫСТЫ ҚҰЖАТТАРДЫ АЛЫП ЖҮРУ МІНДЕТТІ ЕМЕС

 ҚР Президенті  қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»  заң  13 ақпаннан бастап күшіне енеді. 

Иә, енді көлікті басқару кезінде  жүргізушілерден  жеке бас куәлігі ғана сұралады. Ал қалған құжаттарды осы жеке куәлік негізінде  полиция қызметкерлері өздері-ақ тексеретін болады. Бұл – цифрландыру жұмыстарының нақты нәтижесі.

– Көлікті жүргізген кезде өзімен бірге тек бір ғана құжат – жеке басын куәландыратын куәлікті алып жүру жеткілікті. Жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу куәлігін, сақтандыру полисін, техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты полиция қызметкерлері планшет арқылы тексереді,  – деді Орал қаласы Полиция басқармасының  баспасөз қызметкері  Гүламан Исмағұлова.

Айта кетейік,  Заңдағы өзгерістер мен толықтырулар шетелдік жүргізушілер мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды, яғни олар өзімен бірге барлық қажетті құжаттарды алып жүруге міндетті.

Полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол жүру ережелерін назарда ұстап, көлік жүргізу мәдениетін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
69 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
105 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
201 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
185 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
408 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»