ТӘУЕЛСІЗДІККЕ – 30 ЖЫЛ: БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛЕДІ
Биылғы жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай БҚО-дағы білім беру мекемелерінде қоғамда бірлік пен келісімді, өскелең ұрпақтың патриоттық рухын қоғамдық санада Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің құндылықтарын нығайтуға, сондай-ақ қоғамды дамудың жаңа мақсаттарына қол жеткізуге жұмылдыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Жоспарлы шаралар туралы бүгін БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева фейсбуктағы БҚО білім басқармасының BQO BILIM News парақшасындағы тікелей эфирде мәлім етті.

Қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде ұстаздар, оқушылар арасында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы кеңінен насихатталып, түсінік жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта Алаш қайраткерлерін еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш ету бағытында оқушылар, студенттер арасында тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастырылатын болады.
– Барлық білім беру мекемелерінде «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбында сыныптық сағаттары, «Ақылды ұрпақ» республикалық жобасы аясында еліміздің жас ғалымдарымен кездесулер, «Рәміздер – елімнің мақтанышы» тақырыбына дебат, сынып сағаттары,викториналар, «Тәуелсіз елдің ұрпағы» атты оқушылар арасында дебат турнирі, «Тәуелсіздік – қанатты үміт, орындалған арман» тақырыбында аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы, «Тәуелсіздік хронологиясы» ұлттық зияткерлік ойыны, «Балалар даму академиясы» іздестіру-зерттеу конференциясы және т.б. іс-шаралар жыл бойы ұйымдастырылады. Білім басқармасының жоспарына сәйкес әлеуметтік желілерде Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына және дамуына үлес қосқан тұлғалармен «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!» рубрикасы, «Жарқын болашақтың ұрпағымыз» ашық алаңы, Тәуелсіздік құрдастарымен «Тәуелсіздік елім-мақтанышым!» тікелей эфирлері ұйымдастырылады. Аталған шараларды іске асыру қоғамның идеялық және рухани-мәдени бірігуін тереңдету, оқушылардың, студенттердің санасында мемлекеттілік пен тәуелсіздік құндылықтарын нығайту, патриотизм сезімін қалыптастырып, жаңа табыстарға ұмтылу мен жасампаздықты қалыптастырады деп сенеміз, – деді басқарма басшысы.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу