ҮЙІН ҚАРУ-ЖАРАҚ ЖАСАЙТЫН ШЕБЕРХАНАҒА АЙНАЛДЫРҒАН
Полиция қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің БҚО бойынша департаментінің қызметкерлері қабылдаған шараларының нәтижесінде заңсыз қару айналымы саласындағы қылмыстың жолын кесті.

⠀
БҚО Полиция депарматентің баспасөз қызметі мәлім еткендей, БҚО ПД қызметкерлерінің ҰҚК қызметкерлерімен бірлескен 28 қаңтар күнгі жылғы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында сағат 13.00-де қару жасады деген күдікпен 1959 жылғы Ф. есімді азамат ұсталды.
⠀
Тұрғылықты жерін тінту барысында ол жатын бөлмесін қару-жарақты заңсыз жасау үшін қолөнер шеберханасына айналдырғаны белгілі болды. Бірнеше рет атыс қаруын, олардың компоненттерін заңсыз өндірумен немесе жөндеумен, сондай-ақ оқ-дәрілерді заңсыз өндірумен айналысқаны анықталды.
⠀
Қазіргі уақытта қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру және қаруды заңсыз дайындау фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі және 288-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу