8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қаңтар 2021 1744 0
Өзек

БЕС АВТОКӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ

Жол-көлік оқиғасы туралы БҚО Полиция Департаментінің кезекші станциясына сағат 10.39 шамасында хабар түскен. 

Республикалық маңызы бар автомобиль жолында, нақтырақ айтқанда Ақжайық ауданының Алғабас ауылы тұсында Lada granta,Volkswagen Passat, Toyota Camry, ВАЗ -2114, Chevrolet Aveo маркілі бес автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған. 

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібековтің мәлімдеуінше, Chevrolet Aveo қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы келе жатқан Lada Granta көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Lada Granta көлігіндегі 1962 жылғы жолаушы оқиға орнында көз жұмды және үш адам әр түрлі жарақатпен Ақжайық ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, қаңтар айы басталғалы Батыс Қазақстан облысы аумағында 12 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бес адам көз жұмған және жарақат алғандар бар.

Полицейлер жол қозғалысына қатысушыларға жол ережелерін сақтауды және қазрігі  уақытта ауа-райының құбылуына байланысты жолда қырағы болуды ескертеді. 

Полиция қызметкерлері қазіргі уақытта  билік және құқық қорғау органдары тарапынан жүргізіліп жатқан жолды жүйелі жоспарлау, жылдамдықты жоғарылатумен күресу, мас күйде көлік құралдарын басқаруды алдын алу, қауіпсіздік белдіктерін, мотоцикл шлемі мен балалар креслоларын пайдалану бойынша шаралар және халықты ақпараттандыру жұмыстары алдағы онжылдықта көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі деген сенімде. 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
67 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
104 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
200 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
184 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
407 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»