8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қаңтар 2021 1398 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДА 8500-ДЕН АСА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛАДЫ

1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы екпе науқаны басталады. Бүгінде коронавирустық инфекцияға қарсы иммундауға қатысатын медициналық ұйымдардың дайындығы пысықталуда.

БҚО-да иммундауға қатысатын медицина  ұйымдарының 250-ден астам  маманына семинар жүргізілген. 1 ақпанға дейін облысқа 1000 дозалы вакцина әкелінеді. Ол – Ресей Федерациясында өндірілген «Спутник -V» вакцинасы. Вакцинаны бірінші кезекте медицина қызметкерлері алады.

– БҚО бойынша 8500-ден астам медицина қызметкері егіледі. Вакцинацияны қалалық емханалар және аудандық ауруханалар деңгейіндегі 26 егу кабинетінде даярланған егу қызметкерлері жүргізеді. Егу кабинеттері қажетті жабдықтармен, шокқа қарсы бұрыштармен, вакцинадан кейін ықтимал қолайсыз салдар кезінде шұғыл көмек көрсету  алгоритмдерімен, дезинфекциялық стерильдеу қағидаларын сауқтаумен қамтамасыз етілген. Вакцинаға байланысты халық арасында  теріс ақпарат жүруде. Осы ретте біз ҚР-ның «Халық денсаулығы және  денсаулық сақтау жүйесі» Кодексіне сай екпе алу ерікті екенін еске саламыз, – деді М.Арыспаев.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
71 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
108 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
203 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
188 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
410 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»