8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қаңтар 2021 1608 0
Өзек

БІР КҮНДЕ ТОҒЫЗ ҰРЛЫҚ ФАКТІСІ АШЫЛДЫ

Қабылданған шараларға қарамастан ұрлық фактілері азаймай тұр. Мәселен, 26 қаңтар күні батысқазақстандық полицейлер тоғыз ұрлық қылмысын ашты. 

26 қаңтар күні  1980 жылғы Ж. есімді азамат үйінен ақша жоғалғаны туралы шағымданған. Полицейлердің  іздестіруі  арқылы қысқа мерзімде қылмыс ашылды. Күдікті  ретінде 1984 жылғы азамат ұсталды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлімі (пәтер ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында  отыр, оның басқа қылмыстарға қатысы анықталуда.

Ал Бөрлідегі базарда қайырым жасамақ болған әйел телефонынан айырылып қалған. Өтініш білдірген азаматқа көмек көрсетіп жатқанда, қаскүнем оның телефонын ұрлап үлгеріпті.  Аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары қылмысты ашты. Бұрын сотталған 1990 жылғы А. есімді азамат ұсталып, Қылмыстық Кодекстің 188-бабы 1-бөлімі (ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ  тіркелген бірнеше ұсақ ұрлық фактілері ашылды. Атап айтқанда, полицейлер подъезде ұрланған күртені иесіне қайтарды. Чапаев ауылында тұрмыстық ыдыстар ұрланса, Теректі ауданындағы балабақшалардың бірінен кабель жоғалған.  Оралдағы Назарбаев даңғылындағы супермаркеттен бірнеше консервідегі ет және 12 қаптамадағы шоколад конфеті қолды болған.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
145 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
334 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»