БАЛАБАҚШАЛАРҒА РЕВИЗИЯ ЖҮРГІЗУ ҰСЫНЫЛДЫ
«Transparency Kazakhstan» қоғамдық қоры жүргізген «2020 жылғы Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйінің мониторингі» тақырыбындағы зерттеуі бойынша сауалнамаға қатысқан батысқазақстандықтардың 7,7 пайызы балабақшаларда жемқорлыққа тап болғанын көрсеткен. Бұл мәлімет бүгін, 25 қаңтар күні облыс әкімдігінде өңір басшысы Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша аймақтық комиссия отырысында айтылды.

Комиссияда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Н.Самет Transparency Kazakhstan ұйымымен «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жай-күйінің 2020 жылғы мониторингі: тұрғындар мен кәсіпкерлерді әлеуметтік сұрау, «Ашық диалог» порталындағы өтініштерді талдау» тақырыбында жүргізілген зерттеу қорытындысы туралы баяндады. Transparency Kazakhstan сарапшылары қалалардың, облыс және аудан орталықтарының деңгейінде 7200 тұрғын мен 1800 бизнес өкілдері арасында сауалнама жүргізіп, «Ашық диалог» порталына келіп түскен 1 347 шағымды талдады.
Зерттеу қорытындысы бойынша 2019 жылы да, 2020 жылы да сауалнамаға қатысқандардың 7,7 пайызы балабақшаларда жемқорлыққа тап болған. Олардың 76,2 пайызы баласын балабақшаға орналастыру үшін, 7,1 пайызы жұмысқа орналасу үшін, 7,1 пайызы туындаған мәселені шешу кездерінде деп белгілеген.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет баян еткендей, INDIGO электронды балабақша жүйесіндегі мәліметте Орал қаласында 131 балабақшаға 15896 бала баратыны көрсетілген. Оның 11 164-і мемлекеттік 80 балабақшада тәрбиеленуде. Ал 51 жеке балабақшада 4732 бала қамтылған.
– Кезекте 10671 бала тұр. Ең қызығы 1740 бос орын бар. Қалалық білім беру бөлімінің түсіндіруіне сәйкес, бұл бос орындар балабақша орналасқан ауданда бала саны аз болуынан екен, – деген Нұрдәулет Ілиясұлы балабақшадағы негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін атап өтті. Бұлар – жұмысқа орналастыру, сыйақы беру, балаларды қабылдау және қызметкерлердің аттестациялануына қатысты.
– Балақшадағы күзетшілер директордың немесе есепшінің туыстары деген ақпарат бар. Бұл №39, №44, №34 балабақшалар бойынша түсіп отыр Осы ретте жұмысқа қабылдауды тек жұмыспен қамту орталығы арқылы жүргізуді және зейнет жасындағы азаматтармен еңбек шарттарын тоқтатуды ұсынамыз, – деді Нұрдәулет Сәмет.
Екіншіден, 2020 жылдың қорытындысы бойынша тәрбиешілерге сыйақылар берілген. Орташа 15 мың теңгеден төленіпті. Алайда, кімге қанша бергені туралы жалпыға көрінетін жерлерге орналастырылмаған. Бұл қызметкерлердің арасында әр түрлі пікірлердің туындауына әкеледі. Өйткені кей тәрбишелердің 50 мың немесе одан да көп алғандығы туралы ақпарат бар. Осы жағдай барлық дерлік балабақшада кездескен. Бұл ашықтықтың жоқтығын көрсетеді. Сондықтан мекеме қызметкерлері туралы ақпаратты және үстемеақы, сыйақылар туралы ақпаратты баршаға көрінетін жерге орналастыру ұсынылды. Үшіншіден, Балабақшадағы бала саны 20-25-тен аспауы қажет. Алайда, шын мәнінде орталықтағы балабақшадағы балалар саны 27-28-ге дейін барады, әсіресе қаланың тығыз орналасқан аудандарында. Тізім бойынша 25 бала, қалғандары директор немесе қалалық білім беру бөлімі арқылы балабақшаға келіп жүргендер. Мұндай жағдайлар №10, №3-ші балабақшаларда тіркелген. Аталған мәселе бойынша ревизия жүргізуді және балабақшаларды бейнекамералармен қамтамасыз ету ұсынылды. Сондай-ақ балабақша қызметкерлері аттестациядан өту үшін әдістемелік құрал шығарады. Оны шығару үшін баспахана қызметіне жүгінеді. Қызметкерлердің айтуынша, тек қалалық білім беру бөлімі айтқан жерлерден ғана шығару қажет екен. Осыған байланысты әдістемелік құралдарды электронды түрде қабылдау қажеттігі ұсынылды.
Департаменттің мәліметінше, білім беру саласымен қатар полиция, жер қатынастары, денсаулық сақтау және мемлекеттік сатып алу салаларында өңірімізде жемқорлық көріністері кең таралған. Жиында әр саладағы проблемалық мәселелер тарқатылып, кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.
Комиссия отырысын қорытындылаған облыс басшысы Ғали Есқалиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұсынған мәселелер бойынша 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жол картасын дайындау үшін жұмысшы тобын құруды ұсынды.
– Жұмыс тобын екі апта ішінде құрып, тиісті Жол картасын әзірлеу қажет. Әрі Жол картасы негізінде Сыйбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша тиісті мемлекеттік мекеменің атқарған жұмысын екі ай сайын қадағалап отыру керек. Барлық саладағы мәселе өзекті. Балабақша, емханалар, мемлекеттік колледждерде көптеген мәселелердің бар екені көрініп тұр. Оны шешу – біздің міндетіміз, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
Жұмыс тобы тиісті басқарма қызметкерлері, қоғамдық белсенділерінен құралмақ.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу