БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 61 АДАМНАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ
1 қаңтардан бастап облыста коронавирустық инфекцияның зертханалық расталған 925 жағдайы тіркелді, оның ішінде 580 жағдай белгілері бар, белгілері жоқ 345 жағдай. Соңғы 7 күн ішінде 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші – 57,5 құрады, R репродуктивті саны 1,1 құрады. Соңғы тәулікте 61 жағдай тіркелді. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді.

Спикердің мәліметінше, 15-21 қаңтарда алдыңғы аптамен салыстырғанда (8-14 қаңтар) аурудың 11,8-ге (311-тен 353 жағдайға дейін) өсуі байқалады.
Аурушаңдықтың ең жоғары көрсеткіші Орал қаласында тіркеліп отыр. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 107,9 (364жағдай). Ал Бәйтерек ауданында 249,9 (162 жағдай) және Бөрлі ауданында 254,7 (151 жағдай) құрады.
– Аталған жағдайлардың 47 пайызы, яғни 441жағдайы ЖРВИ белгілері бар науқастарды тексеру кезінде эпид. көрсеткіштерімен анықталды, 29 пайызы, яғни 273 жағдай байланыста болған адамдарда инфекция ошақтарын тексеру кезінде, 18 пайызы, яғни 170 жағдай кәсіби мақсатта тексерілгендер, 4 пайызы, яғни 41 жағдай стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидқадағалау мақсатында тексерілгендерден анықталды. Байланыста болған 1463 адам тексеріліп, медициналық бақылауға алынды, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.
Кәсіби құрам бойынша ауырғандардың ішінен ең осал топ болып табылатындар жұмыс істейтін адамдар болып отыр.
Аурушаңдық деңгейінің өсуіне байланысты облыс «қызыл» аймаққа енді. Осы орайда, кеше, 21 қаңтар күні БҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев облыста карантиндік шараларды күшейту туралы жаңа қаулға қол қойған болатын. Қаулы 25 қаңтардан бастап күшіне енбек. Брифинг кезінде Нұрлыбек Ермекұлы жаңа қаулыға сәйкес енгізілген шектеулерді түсіндіріп өтті.
Айта кетейік, пандемия басталған кезеңнен Батыс Қазақстан облысында covid-19-бен зертханалық расталған 10 146 жағдай тіркелді, бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 1544,6-ны құрады. 183 өлім жағдайы тіркелді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу