ҚАР ТАЗАЛАУҒА КӘСІПКЕРЛЕР ДЕ ЖАУАПТЫ
Облыс орталығындағы көшелердің қардан тазалануы көпшіліктің көңілінен шықпай тұр. Әсіресе, дүкендер мен банк ғимараттарының айналасы, тротуарлардың тазаланбауы, ауа райының құбылуынан мұздақтарға айналуы жаяу жүргіншілерге қауіп туғызуда. Өкінішке орай, қыс маусымы басталғалы көк мұзға тайып жығылған 400-дей жүргінші ақ халаттылардың көмегіне жүгінген. Бұл мәселені сейсенбі күні облыс әкімдігінде өткен кеңесте өңір басшысы Ғали Есқалиев қатаң сынға алды.

Түске дейін Назарбаев даңғылы бойындағы қардың тазалануын тексеріп өткенін айтқан облыс басшысы Ғали Есқалиев тротуардың мұздан жүргізбейтінін ерекше атады. Сондай-ақ бұл мәселеде тазалыққа жауапты кәсіпорынмен қатар әр кәсіпкерлік нысаны иесінің де жауапкершілігін күшейтуді ескертті.
– Даңғыл бойындағы дүкен иелерімен де тілдестік. Олар өздеріне іргелес аумақты тазалауға тиіс екендіктерін, тазаланбаса айыппұл салынатынын білмейді. Тұрғындарымыздың қауіпсіздігі үшін жуапкершілікті арттырып, қажет болса, абаттандыру ережесін бұзғаны үшін айыппұл салуды қолдану қажет. Әрі қар жауғаннан кейін қарды шығару мерзімі белгіленуі керек. Желтоқсан айының өзінде 400-ге жуық азамат жарақат алып, ауруханаға түскен, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
Қала әкімі Абат Шыныбековтың түсіндіруінше, қала көшелеріндегі тротуарларды тазалауға – «Жайық таза қала» мекемесі жауапты, аулалардың кіреберіс алаңдарын тазалау – ПИК-тердің жауапкершілігіне жүктелген. Сондай-ақ кәсіпкерлік иелері өз нысандарының айналасын тазалап тұруы тиіс. Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен құралған мониторинг топ қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп, ескерту парақтарын таратуда. Олар қар жауған уақыттан бастап мекеме-ұйым ғимараттарының иелеріне 80-ге жуық ескертпе берген. Өткен жылы қабылданған Батыс Қазақастан облысындағы елдімекендердегі абаттандыру ережесінің талаптарын жүзеге асыру мақсатында жергілікті полициямен бірлесе 1 856 құқық бұзушылық фактісі анықталды. Оның ішінде 17-сіне айыппұл салу туралы қаулы шығарылды, қалғаны ескертумен шектелді. Ал осы айда құқық бұзушылықтың 17 фактісі анықталып, ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылған.
Қала тазалығына кәсіпкерлерді белсенді тарту мақсатында Push-хабарлама жіберу бағдарламасы дайындалуда. Осы қосымшаны жүзеге асыру арқылы әр меншік иесіне аяқтай бармай-ақ смс-хабарлама түрінде ескерту жолданады. Сол ескертудің негізінде жергілікті полиция қызметкерлері тиісті шара қолданып, айыппұл салуды қолдана алатын болады. Дегенмен, бұл қосымшаны толықтай дайындау үшін әлі екі аптадай уақыт қажет.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу