БҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 41 АДАМНАН КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін, 15 қаңтар күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев облыстағы COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді.

БҚО-да коронавирустық инфекция пандемиясының басталуынан бері барлығы 9793 жағдай тіркелді. 1-14 қаңтар аралығында COVID-19 инфекциясын 572 адам жұқтырған. Олардың 344-інде белгілері бар және 228-інде белгілерінсіз.
– Аталған жағдайлар ЖРВИ симптомдары бар науқастарды тексеру кезінде эпидемиологиялық көрсеткіштерімен 47.0 пайызында (269 жағдай) анықталды, байланыста болған адамдарда инфекция ошақтарын тексеру кезінде 27,3 пайызында (156 жағдай), кәсіби мақсатта тексерілгендер арасында 21 пайызында (123 жағдай), стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында тексерілгендердің 4,2 пайызында (24 жағдай) анықталды. Байланыста болған 880 адам тексеріліп, медициналық бақылауға алынды, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.
Соңғы тәулікте covid-19 жұқтырған 41 жаңа жағдай тіркелді. Олардың ішінде 27 жағдайда – белгілері бар және 14-і асимптоматикалық. Бұл жағдайлар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ЖРВИ белгілерімен 53,6 пайызында (22 жағдай) анықталды, инфекция ошақтарын тексеру кезінде жанасушыларда – 29,2 пайызында (12 жағдай), алдын алу мақсатында – 17,0 пайызында (7 жағдай) анықталды.
1-ші қаңтардан бастап облыс бойынша барлығы 24 645 ПТР зерттеу жүргізілді, орташа есеппен тәулігіне 3400-ге дейін зерттеу жүргізіледі. Зертханалардың қуаттылығы тәулігіне 6000 зерттеуге дейін жетеді.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?

Кіру
Пікір үстеу