БҚО-ДА ҮШ ҒИМАРАТТЫҢ ШАТЫРЫ ҰШТЫ
14 қаңтардағы ауа-райының бұзылуы осындай жайсыз жағдайға әкелді. Қаратөбе ауданы бойынша үш нысанның шатырын жел ұшырып кеткен.

Сағат 14.20 шамасында Жусандыой ауылдық округінің Жусандыой ауылы Абай көшесі № 1 мекенжайы бойынша орналасқан Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешенінің 1266,8 м2 аумағында (ғимараттың ауданы-1777 м2) шатыры ұшып кетті. Шатыр ағаштары балкаға профлистпен жабылған. Мектеп 1989 жылы салынып, 1990 жылы пайдалануға берілген, 2007 жылы күрделі жөндеуден өткен. Зардап шеккендер және жарақат алғандар жоқ.
Сағат 18.00 шамасында Қаратөбе ауылдық округінің Қаратөбе ауылындағы С.Датұлы көшесі №29 мекенжайы бойынша орналасқан Қаратөбе аудандық орталық ауруханасының жедел-жәрдем корпусының 220 шаршы метр аумағында (ғимараттың ауданы-1375 м2) шатыры ұшып кетті. Шатыр ағаштары балкаға профлистпен жабылған. Ғимарат 1998 жылы пайдалануға берілген, 2008 жылы шатыры жөндеуден өткен. Зардап шеккендер және жарақат алғандар жоқ.
Ал сағат 19.00 шамасында Қаракөл ауылдық округінің Алакөл ауылында орналасқан Алакөл медициналық пунктінің жылыту қазандығы ғимаратының 20 шаршы метр аумағында (ғимараттың ауданы-20 м2) шатыры ұшып кетті. Шатыр ағаштары балкаға профлистпен жабылған. Ғимарат 2018 жылы пайдалануға берілген. Зардап шеккендер және жарақат алғандар жоқ.

БҚО ТЖД тұрғындарды дауылды ескерту туралы ақпарат алған кезде құтқарушылардың ұсынымдарын ескеріп, мейлінше сақ болуға шақырады. Мүмкіндік болса үйде болу керек, елдімекенннен алысқа шықпаған дұрыс. Қатты жел кезінде конструкцияның құлауынан қашқан кезде үйдің қабырғаларына, аялдамаларға, жарнама бағаналарына, теректердің астына тығылу қауіпті.
Үзілген сымдар мен жел әсерінен қозғалып тұрған бағаналар да қауіпті. Автокөліктерді шіріген, ескі теректердің астына қоймаған жөн. Дауылды алдын ала ескерту туралы ақпаратты тегін мобильді «Дәрмен» қосымшасын жүктеу арқылы білуге болады. Ал құтқарушылардың көмегі қажет болса, 112 телефонына хабарласу керек.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу