СЫНШЫЛАР ЖҮЛДЕСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін «Халықаралық театр сыншылар бірлестігі» өткен жылды қорытындылап, қазақстандық театрлар атқарған жұмысты саралады.

Пандемияға байланысты ZOOM платформасында өткен онлайн шараға теарт сыншылары, еліміздегі театрлардың басшылары, көркемдік жетекшілері қатысты.
Театрларға сараптаманы отандық сыншылар жүргізді. Олардың қатарында Анар Еркебай, Сания Қабдиева, Бақыт Нұрпейіс, Амангелді Мұқан, Меруерт Жақсылықова, Зухра Исламбаева, жас театртанушылар Назерке Құмарғалиева, Моншақ Бекайдарова, Ұлжан Құрманбай, Жансая Тұрмағанбет бар.
Театр сыншысы, бірлестіктің Қазақстандағы жетекшісі Анар Еркебай еліміздегі мемлекеттік және тәуелсіз театрлар арасында карантин уақытындағы театрлардың аяқ алысы туралы айтып берді. Оның айтуынша, биыл мониторингке 60 театрдан 40 театр қатысып, сауалнамаға жауап берген.
Сыншылар шығарған көрсеткіш бойынша 2020 жылғы онлайн форматтағы жұмыстың нәтижесінде Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры үздік ондыққа кірді.
Мұнымен қоса театр өнері саласындағы арнайы үздіктерге «Сыншылар жүлдесі – 2020» марапаты берілді. «Жылдың жаңа есімі» номинациясымен Хадиша театрының бас режиссері Гауһар Адай, ал театр актеры Ербол Есендосов «Мен» қойылымындағы Мен рөлі үшін «Үздік актер» номинациясында сыншылар жүлдесімен марапатталды.
Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының ақпарат бөлімі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу