#ОРАЛДАУЫСБЕРДІ БАЙҚАУЫНДА 20 ЖАСАР СТУДЕНТ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ҰТЫП АЛДЫ
2021 жылдың 10 қаңтарында ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау күні “Квант” ЖШС қолдауымен “Орал жастары” волонтерлық қозғалысы Батыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында #Оралдауысбереді #Уральскголосует байқауын ұйымдастырды. Ұйымдастырылған байқаудың басты мақсаты – облыс тұрғындарын сайлауға дауыс беруге шақыра отырып, халыққа көңіл-күй сыйлау. Байқау 10 қаңтар күні 07.00-20.00 уақыты арасында жүргізілді.

Байқаудың басты шарттары @oraljastary парақшасында видеотүсірілім арқылы көрсетілді. Байқауға қатысушылар @oraljastary парақшасына тіркеліп, өз сайлау учаскісінде сайлау жәшігінің жанында бюллетеньмен суретке түсіп, инстаграм әлеуметтік парақшасына #оралдауысбереді, #уральскголосует хэштегтері арқылы өз парақшаларына жүктеді.
Байқауға 2500-ге жуық сайлаушы қатысты.
11 қаңтар күні 17.00 уақытында Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығында байқаудың әділ қортындысын шығару мақсатында қоғам белсенділері, блогерлар мен тілшілер, студенттер мен аудан жастарынан құралған комиссия жасақтаЛды. Комиссия отырысы әлеуметтік желіде тікелей эфирде өткізілді. Жеңімпазды анықтау үшін рандом программалық сайты қолданылды. Жеңімпаз 20 жасар Орал қаласының тұрғыны Нұрсұлтан Жәнібеков атанды.
Орал қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Дулат Жүсіпқалиев Iphone 12 телефонынын байқау жеңімпазына табыстады.
Iphone 12 телефонынының иегері Нұрсұлтан сайлауға сыйлық алу үшін емес, өзінің азаматтық парызын орындау үшін барғанын айтты.
«Сайлау – бұл еліміздің әр азаматының өміріндегі маңызды оқиға. Әр адам өзінің жарқын болашағы, еліміздің гүлденуі үшін дауыс беруі тиіс» деді ол.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу