ОРАЛДА КОМСОМОЛДЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ
Комсомолдың 100 жылдығына орай М.Мәметованың мемориалдық музейінде «Жалындаған комсомолдық жастық шағым менің» атты шара өтті.

Шараға обком комитетінің иструкторы Набия Сейтқалиева , Орал қаласының обком комитетінің 1 секретарі Клара Саржанова, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов және соғыс ардагері, обком секретары Оқас Әлмұқановтың қызы Кәкима Әлмұқанова, Батыс Қазақсстан инновациялық-технологиялық университетінің «Заңгер» мамандығының ІІ курс студенттері, музей қызметкерлері қатысты. Шара музей қорынан жабдықталған көрмемен бастау алды. Көрмеде баспа машинасы, мақалалар, комсомолдардың фотосуреттері, альбом, кітаптар және тағы басқа құнды жәдігерлер көрермен назарына ұсынылды.
Шара қонақтары Қазақстан комсомолының құрылуы, олардың белсенділіктері туралы әңгімеледі.
Қазақстан комсомолы. Бұл – республикамыздың миллиондаған патриот ұл-қыздары. Оның қатарында жұмысшылар мен колхозшылар, мұғалімдер мен инженерлер, студенттер мен құрылысшылар, ғалымдар мен оқушылар болды. Қазақстан комсомолы еліміздегі туысқандық достықпен қауышқан жүзден астам ұлттар мен халықтардың жас ұрпақ өкілдерінен құрылды.
Партия шақыруымен, жас жүрек әмірімен комсомолецтер әрқашанда ең қиын жерлерге аттанып келді. Оларға Советтер елі жауларының жанталасқан қаскөйлігі де, дұшпан оқтары да, қақаған аяз бен азынаған жел де тосқауыл бола алмады.
Ұлы Отан соғысы басталған уақытта соғыстың алғашқы он күнінде өз еркімен соғысқа екі мыңнан астам комсомелецтер аттанды. Республиканың Лениндік комсомол өкілдері өз өмірлерін аямай патриотизмнің, қаһарман ерліктің, Отан қорғауға әзірліктің үлгісін көрсетті. Кеңес Одағының екі мәрте Батырлары Талғат Бигелдиновтың, Сергей Луганскийдің, Леонид Беданың, Иван Павловтың аттары, аңызға айналған панфиловшылардың, қазақ халқының даңқты қыздары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова ерліктері біздің жүрегімізден мәңгілікке орын алды. Кеңес халқы туған жерді қорғап қалып, фашизмді талқандады. Комсомол ұл қыздары басқыншылары қиратқан қалалар мен селолаапрды, өнеркәсіп орындарын қайта қалпына келтіруге, жаңа заводтар мен фабрикалар тұрғызуға, соғыстан кейінгі бесжылдықтар тапсырмаларын орындауға ат салысты.
Саяси белсенді, істі білетін, еңбекті сүйетін және жұмысқа ұста, өз Отанын қорғауға әрқашан әзір тұратын адамдардың ұранын қалыптастыруға қолғабыс тигізу – міне, комсомолдың жұмысындағы ең маңыздысы, ең басты мақсаты осы болды.
Аяжан Даукенова, М.Мәметова мемориалдық музейінің экскурсоводы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу