«АҚЖАЙЫҚ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒА
5 қаңтар күні «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің кураторы, БҚОәкімінің орынбасары С.Р.Егізбаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж.Шпекбаев және республикалық қоғам өкілдері алдында өткен жылы жобалық кеңсе атқарған жұмыстар және үстіміздегі жылдағы жұмыс жоспарларының барысы туралы бейнеконференция байланысы арқылы баяндады.

Жобалық кеңсе өткен жылы 50 мыңнан астам флаер шығарып, мекемелерге таратты. «Есіктен есікке» қағидатын іске асыру үшін коммуналдық төлемдер түбіртектеріне «Жемқорлық 1424 Хабарлас» ақпараты орналастырды.
Сонымен қатар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған 200-ден астам баннер орналастырып, аймақтағы ең ірі, халқы көп Ақсай қаласы, Ақжайық және Бәйтерек аудандарында да адалдыққа үндейтін муралдар салынды және жергілікті атқарушы органдармен 40 астам бейнеролик дайындалып, әлеуметтік желілер және жергілікті арналарда көрсетілді.
Агенттік төрағасы А.Ж.Шпекбаев «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі атқарған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта да жұмыстарды одан әрі жандандыру қажеттігін атап өтті.
Жобаның миссиясы – сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, парасаттылық қағидаттарын ілгерілету, жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру, Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін нығайту болып табылады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу