БҚО-ДА ТҮЛЕКТЕРДІҢ 70 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ ШТАТТЫҚ РЕЖИМДЕ ОҚУҒА ӨТІНІШ БЕРДІ
2021 жылдың 11 қаңтарында оқу жылының ІІІ тоқсаны басталады. Осы тоқсаннан бастап жалпы білім беретін мектептер 3 формат бойынша оқуды ұйымдастырады. Олар – штаттық, қашықтан, аралас форматта.

БҚО білім басқармасы мәлім еткендей, қазіргі уақытта облыс бойынша 379 күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектеп жұмыс жасайды. Облыста эпидемиологиялық жағдайы тұрақты 300 адамға дейінгі шалғай ауылдық елдімекендердегі жалпы 256 мектептерінде 23645 оқушы штаттық режимде, 122 мектепте аралас режимде 87471 оқушы, 1 мектепте 12 оқушы қашықтан оқиды.
Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша III тоқсаннан бастап 5, 9 және 11 (12) сынып оқушылары аралас форматта оқу жұмысын ұйымдастырады. Бұл сыныптарда математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика, химия, биология, алгебра, геометрия және тарих пәндері мектепте оқытылады. Яғни, барлық пәннің 70 пайызы штаттық форматта өтеді. Мектептерде икемді сабақ кестелері жасалып, сабақтар арасындағы үзілістер әр түрлі сыныптар үшін әр түрлі уақытта ұйымдастырылады, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымдар саны көбейтіліп, пәндердің 30 пайызы қашықтан оқытылады.
– Биылғы жылы 9 сыныпты 8 679, 11 сыныпты биылғы жылы 5733 түлек аяқтайды деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта өңірдегі 379 мектептің 256-сы штаттық режимде оқуда. 122 мектеп 87 471 оқушымен аралас форматта оқытуда. ІІІ тоқсан бойынша оқуды бастау жұмыс жоспары анықталды. Яғни, ата-аналардың өтініштері негізінде мектептер өз сабақ кестелерін жасақтауда. 1-4 сыныптар бұған дейінгі форматта, яғни мектепке барып оқуды жалғастыра береді. 9, 11 сыныптар бойынша, қазіргі уақытта 9 сыныптар бойынша 8679 бітіруші болса, олардың 6698 оқушының ата-анасы штаттық режимде оқытуға өтініш берді. Ал 11 сынып бойынша 5733 оқушының 4316-сы өтініш берді, – деді бүгінгі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде BQO BILIM News парақшасында онлайн қабылдау өткізген БҚО білім басқармасы басшысы Айгүл Мыңбаева.
Сонымен қатар бітіру сыныптары түлектерін оқу жылының соңында қорытынды аттестаттау, олардың колледждерге түсу үшін кешенді емтихандар мен жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсыратыны ескере отырып дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу