КӨШЕДЕ ҰРЫП-СОҒЫП, ТЕЛЕФОНЫ МЕН БӨРІГІН АЛЫП КЕТКЕН
Оралда күзетшілер көшеде өтіп бара жатқан азаматты тонады деген күдікке ілінген үш ер адамды ұстады. Олар қымбат телефон мен күзен бөрікті ұрлап кеткен. Оқиға ағымдағы жылдың 1 қаңтарында, кешкі сағат 20.30 шамасында қаланың орталық көшелерінің бірінде болған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті күзету күзеті қызметі кезінде патрульдік полиция бастығы сержант Аңсар Аманжолов, қатардағы жауынгерлер Акарыс Зикенов пен Нұрсұлтан Амангелді ПД тарапынан белгісіз үш адам Мұнай-газ және өнеркәсіптік технологиялар колледжі маңында бір азаматты ұрып-соғып, тонағаны туралы хабар алады.
Көрсетілген маршрут бойынша үйлердің ауласындағы Л.Толстой көшесімен қозғалған ұландықтар бағдарда көрсетілген белгілерге ұқсас азиаттық үш ер адамды байқады. Өздеріне полиция формасын киген адамдардың жақындап келе жатқанын көріп, ер адамдар үйлердің арасынан жасырынбақ болып қашады.
Алайда ұландардыңм шебер қырағы және шешімді әрекеттерінің арқасында күдіктілер ұсталды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Куәгерлердің қатысуымен жүргізілген денені тінту кезінде заттай айғақтар, ұрланған күзен бөрік пен ұялы телефон табылды. Қосымша тергеу үшін олар Орал қаласының полиция бөліміне жеткізілді. Жәбірленуші өзіне күш қолданғандарды таныды және сарбаздарға қылмыскерлерді жедел, кәсіби және уақтылы көрсеткені үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы, подполковник Ерболат Сұлтанов жауынгерлік жасақ 5517 әскери бөлімі командирінің құқығымен қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті күзету және қарақшыларды ұстау кезінде көрсеткен шеберліктері үшін көтермеленгенін жеткізді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу