БҚО-ДАҒЫ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕР «OPEN SPACE» ФОРМАТЫНА КӨШЕДІ
Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті хабарлады. 
Жыл қорытындысы бойынша Орал қаласы мен Бөрлі ауданының әкімдері халықпен тиімді қызмет атқарғаны үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды. 2021 жылдың 2 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Н.Есқалиев Агенттік төрағасының Құрмет грамотасын Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековке және алғысын Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқановқа тапсырды.
Орал қаласындағы «Ашық әкімдік» қызметі 2017 жылы ашылып, тұрғындарды қабылдау жүргізуде. 2020 жылы «Ашық әкімдік» Орал қаласының Зашаған кентінде ашылса, Деркөл кенті әкімдігі Open space форматына көшті.
Бөрлі ауданында «Ашық әкімдік» қызметі аудан және Ақсай қаласы үшін қызметтер көрсетуде. Сонымен қатар, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру үшін аудандық бюджеттен 2 млн теңге қаржы бөлінді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен тиімді кері байланыс орнату үшін өңірдің барлық аудан әкімдіктері «Open Space» форматындағы мемлекеттік және консультациялық қызметтер кешенін көрсетуді қарастыратын қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшіп, жұмыстар «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу