8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Желтоқсан 2020 1896 0
Өзек

ОРАЛДА ТОКҚА СОҒЫЛҒАН ЭЛЕКТРИКТІҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР

Ол облыстық көпбейінді аурухананың жан ақтау бөлімінде ем алып жатыр. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға кеше түсте Зачаган кентінде болды.

Кенттегі 25-Чапаев дивизиясы көшесі 25-мекенжайында орналасқан «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы «АҚ»-ға қарасты қосалқы стансаға жедел жәрдем сағат 13.30-да шақырылған. Осында электрик болып жұмыс істейтін 49 жастағы ер адамның басы мен денесін 80 пайыз күйік шалған. Электрикті қызмет барысында тоқ соққан. Жыл басынан бері жұмыс орнында 60 жазатайым оқиға орын алса, оның 24-не жұмысшылар ауыр дене жарақатын алыпты. Сала мамандары өткен жылы да 5 адамның қызмет орнында алған жарақаттарының салдарынан қаза тапқанын айтады. Бұл мәселе бойынша бүгінгі таңда тергеу амалдары басталған.

Айнара ИСА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
69 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
105 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
201 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
185 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
408 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»