БАҒАЛЫ БҰЙЫМДАРДЫ ҰРЛАҒАН
Орал қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі жеке үйге ұрлыққа түсіп, бағалы бұйымдарды ұрлаған екі азаматтың ұсталғанын хабарлады.

Басқарманың баспасөз хатшысы Гүламан Исмағұлованың мәлімдеуінше, 2020 жылғы 21 желтоқсанда, шамамен сағат 16.40-та өздерінің қызметтік міндеттерін атқарып жүрген 2 полиция қызметкері «2- жұмысшылар поселкесі» ауданындағы Ватутин мен Оразбаева көшелерінің қиылысында жалтақтай қарап, кетіп бара жатқан күдікті 2 тұлғаны тоқтатады. Күдікті деп танылған тұлғаларды тоқтатқан Орал қ.ПБ ЖПҚб ППб қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Сырым Қуантаев пен полиция лейтенанты Нұрхат Сейфолла суыт жүрістерін байқап, жөн-жосық сұрайды. Безілдеген жігіттердің бірі қарсылық танытып, дөрекі сөйлейді. Берекеті қашып, тәртіп сақшысының сұрақтарына жауап бергісі келмей, жалтарады. Екіншісі қалтасындағы алтын бұйымдарды күртік қардың үстіне жанталасып лақтыра салады. Осы сәтте қырағылық танытқан екі инспектор ұрлық жасап, бой тасаламақ болған тұлғаларды ұстап, дереу жедел-тергеу тобын шақыртады. Алтын бұйымдармен бірге қолдарында ноутбук, ноутбукке қажетті қосалқы заттар мен жаңажылдық сыйлықтар, қол сағат, шырпы қорабы, есірткі тектес зат, суық қару-пышақ, т.б. жеке мүліктер болған.
Орал қалалық Полиция басқармасына жеткізілген бірі азиат, енді бірі европа нәсілді екі күдікті Ватутин мен Оразбаева көшелерінің қиылысындағы бір жер үйдің терезелерін ішке қарай итеріп ашып, пәтерге ұрлыққа түскендерін мойындады. Үйде кісі жоғын байқаған соң ойларын жүзеге асырыпты. 1981 және 1991 жылғы қос күдікті үй иесіне 150 мың теңгеге материалдық шығын келтірді.
Бүгінгі күні Орал қалалық полиция басқармасы тергеу бөлімінің өндірісінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188- ъбабының 3- тармағына сай қылмыстық іс қозғалды. Тергеу, тексеру амалдары жүргізілуде.
Жыл басынан бері 1628 ұрлық, 294 пәтер ұрлығы тіркелді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу