«Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы» базасында өңірде баламасы жоқ «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды
Оралда «Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы» базасында облыста баламасы жоқ «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Бұл Тұңғыш Президент Қоры мен «Самұрық-Қазына» қорының қолдауының арқасында пайда болған Қазақстандағы 8 орталықтың бірі.

Жалпы ауданы 590 ш.м. пациенттер мен оларды алып жүретін адамдарға ыңғайлы болу үшін аурухананың 1 қабатында орналасқан оңалту орталығының жұмысы туралы оның меңгерушісі Жадра Сәрсенғазиева айтып берді.
– Мүгедек балалар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған, туа біткен даму кемістігі бар және қозғалу кемістігі бар жүйке жүйесінің басқа да аурулары бар жасөспірімдер ем алатын болады. Көмекті 4-6 ай ішінде Нұр-сұлтан қаласының орталық клиникаларында медициналық оңалтудың 2 және 3 кезеңдері бойынша оқытудан өткен 29 маман көрсететін болады. Кадрларды даярлауға Елбасы Қоры ықпал етті.
«Қамқорлық» Орталығы Канада, АҚШ, Германия және Ресей өндірісінің жалпы сомасы шамамен 175 млн. теңгеге заманауи жабдығымен жабдықталған. Бұл «Самұрық-Қазына» қорының қаржылық қолдауының арқасында мүмкін болды.
Орталықта айына 50 пациент немесе жылына 600 бала оңалтудан өтеді. Емдеу курсы-21 күнтізбелік күн. Олар үшін тренажерлар ғана емес, сонымен қатар тұз шахтасы мен шунгит бөлмесі, ал ауылдық аудандардан келген балалар үшін тәулік бойы жұмыс істейтін стационар дайындалды. Оңалтудан өтуге ниет білдірушілер емдеуге жатқызу порталы арқылы өтінім беруі тиіс. БҚО бойынша барлығы 2700-ден астам бала оңалтуды қажет етеді. Бұрын олар қызметтерді жеке клиникаларда алуға мәжбүр болды. Бұл орталық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде қызметтер тегін көрсетілетін алғашқы мемлекеттік орталық болды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КеАҚ БҚО бойынша филиалы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу