ӘСКЕРИ ОҚУ ОРНЫНДА АСЫЛЫП ҚАЛДЫ
Осыдан бір апта бұрын Алматы қаласының ІІМ академиясында 3 курста оқыған БҚО тумасы 19 жастағы курсант Саламат Өтегенов өз өзіне қол жұмсады. Марқұм өмірін қимақ болғанға дейін ата-анасына үлкен көлемде ақша аударуды сұрап хабарлама жазған. Қайғыдан қара жамалып отырған ата-ана бұл жағдайға әскери оқу орынның басшылығын кінәлап отыр.

Қайғылы оқиға 13 желтоқсанда болған. Махан Есболатов атындағы Алматы академиясының 3 курс студенті Саламат өмірін қимастан бұрын бірнеше мәрте ақша аударуды өтініп, туған-туыстарына хабарласқан. Осыған дейін де бірнеше рет көп көлемде қаражат сұраған ұлының бұл жолғы өтінішін орындауға асықпаған ана «оқиғаның бұлай аяқталарын білмедім ғой» деп қан жылайды.
Саламат өмірінің соңғы күні сағат 11.00-ден бастап ағасына 300 мың теңгені Алматы уақыты бойынша сағат 17.00-ге дейін жіберуін сұрайды. Белгіленген уақытқа дейін сома есепшотқа түспесе үстіне үстемақының қосылатын айтып жалыныпты. Марқұмнан соңғы хабарлама 16.31-де келген. Онда ол «Мен кеттім» деп жазады. Содан кейін ол белдікке асылған күйі академияның асханасынан табылыпты. Кешкі сағат 19.00-де Саламаттың ата-аналарына ІІМ академиясынан қоңырау шалып, олардың ұлы өз-өзіне қол жұмсағанын естіртеді.
15 желтоқсанда Саламаттың мәйіті академияның екі офицерімен Орал қаласына жеткізілді. 16 желтоқсан күні Саламат туған жері Ақжайық ауданы Шабдаржап ауылындағы зиратқа жерленді. Әскери оқу орынның әкімшілігі марқұмның денесін қозғамауды талап еткенімен ағайындары оны ақтық сапарға барлық діни жоралғыларға сай шығарып салған. «Күмәнді жәйттар да бар» дейді.
Анасы баласының оқуға түскен уақыттан бері үнемі көп көлемдегі қаражатты сұрағанын айтады. «Не үшін қажет?» деген сауалға ол нақты жауап бермеген. «Тек мені аман көргілерің келсе, ешкімге айтпаңдар» деп жауап қатыпты. 5 баланың ортаншысының өміріне қауіп төне ме деген қорқынышпен өмір сүрген ана мен әке «ұлымыз үшін жұмған ауызымызды ашпадық» дейді.
Ал бүгінгі БАҚ-та жарияланған мәлеметтерге сүйенер болсақ, академия басшысы қызметінен қуылған, оған қоса оқу орының 15 қызметкері жауапкершілікке тартылған. Қазір осы оқиға бойынша өз-өзіне қол салуға итермелеу бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталыпты. Өрімдей азаматтың өмірін қиюға кім кінәлі, оған жауаптылар жазалана ма, әлде іс аяғына жетпей тоқтай ма?
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу