ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жыл қорытындысы бойынша қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үлес қосқан мекеме-ұйымдарды марапаттады. Сондай-ақ департамент ұйымдастырған «Адал еңбектің жарқын бейнесі» атты жас суретшілер және «Парасатты қоғам» бейне байқауының жеңімпаздары анықталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
–
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес біздің еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Президентіміз Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын. Бұл бағытта маңызды міндеттер орындалуда. 2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласы маңызды оқиғаларға, әсіресе жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту және жаңа шектеулер енгізу сияқты заңнамалық жаңашылдықтарға толы болды. Бұдан былай сыбайлас жемқорлық бойынша орта және ауыр қылмыс жасағандар мерзімінен бұрын шартты түрде түрмеден шыға алмайды. Ендігі басты мақсат қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жүргізу болып табылады. Азаматтарды сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға белсенді қатысуға, жас ұрпақты парасаттылық және адалдық қағидаттарын дәріптеуде қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің маңызы зор. Осыған байланысты 9 желтоқсан күні «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ» жобаларын жүзеге асыруға атсалысқан және қоғамда парасаттылықты қалыптастыруға үлес қосқан азаматтарға алғыс хаттар табыстадық. Бір аптадан кейін 2020 жылды аяқтағалы отырмыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға үлес қосқан барлық ұйымдарға, мекемелерге, азаматтарға алғыс білдіреміз. Бұл жұмыстарға облыстық ішкі саясат және тілдерді дамыту басқармалары ақпараттық және имидждік қолдау көрсетті. Жол саласында жемқорлықты болдырмау мақсатында «Ұлттық жол активтері сапасы орталығымен» бірлесіп бірқатар жұмыстар атқарылса, осы жасалып жатырған жұмыстарды жұртшылыққа жеткізуде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің үлесі елеулі болғаны жасырын емес. Биылғы жыл еліміз үшін оңай жыл болғаны рас. Коронавирус пандемиясы кезінде өңірге жеткізілген гуманитарлық көмектерді бөлу, дәріханаларда дәрілік заттар бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуде облыстық және қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарымен бірге ауқымды жұмыстар атқарылды, – деген департамент басшысы Рустам Ақмырзаев жемқорлық әрекеттерін азаматтық бақылауға үлес қосқан жандарға Алғыс хаттар табыстады. Олардың қатарында қалалық «Жайық үні» газеті ұжымы да бар.



Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу