БҚО-ДА ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтары қызметкерлерін ынталандыру мақсатында «JRO belgisi – 2020» байқауы ұйымдастырылып, жеті аталым бойынша үздіктер анықталды. Озық, белсенді мамандарды марапаттау рәсімі 22 желтоқсанда Салтанат сарайында өткізілді. Сондай-ақ бұл кеште жастардың бастамаларын жүзеге асыруға қолдау көрсеткен серіктестер мен демеушілерге алғыс хат табысталды.

«JRO belgisi – 2020» байқауы ресурстық орталықтардың қызметкерлерін ынталандыру мақсатында биыл алғаш рет қолға алынып отыр. Жеті жылдық еңбектің жемісін ескере отырып, байқау «Үздік жастар ресурстық орталығы», «Үздік қызметкер», «Үздік жоба», «Үздік жастарға қызмет көрсету орталығы», «Үздік коворкинг», «Үздік жастар жетекшісі» және «Үздік парақша» сынды жеті аталым бойынша жарияланған. Жалпы 40-тан астам өтініш түскен. Қазылар шешімімен «Үздік қызметкер» аталымы бойынша Шыңғырлау ауданындағы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы С.Елеусін, Тасқала ауданындағы орталықтың жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Байғали, Сырым ауданы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесші-маманы Қ.Қалмұқан, Ақжайық ауданы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесші-маманы А.Сапарғалиева марапатталса, осы орталықтың маманы Д.Сәтпаева мен Жәнібектегі ресурстық орталықтың жастар жетекшісі Б.Хайрушев – «Үздік жастар жетекшісі» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылды. «Үздік жастарға қызмет көрсету орталығы» мен «Үздік парақша» аталымдарын Орал қаласының ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жеңіп алды. «Үздік коворкинг» аталымы бойынша Бөрлі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Үздік жоба» аталымында – Тасқала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Үздік JRO» аталымында – Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жеңімпаз атанды. Үздіктер арнаулы диплом және статуэтка иеленді.
Сондай-ақ жыл бойы облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қызметін белсенді ұйымдастыруға атсалысқан, пандемия кезінде волонтерлық қызметті жоғары деңгейде атқаруға септігін тигізіп, мұқтаж жандарға әлеуметтік көмектер көрсеткен «Бипэк-авто», «Нұржанар», «Рахат» АҚ, «Белес Агро», «Эпсилон» ЖШС ұжымдары мен «Мария Ханым» сән үйінің директоры Жұлдыз Қазиқызына, лешмейкер маман Айкөркем Нұрланқызына, визажист Ақнұр Темірланқызына және жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету, әлеуметтік бағдарламалар аясында ұйымдастырылған тренингтер, курстар мен іс-шаралардың жоғары деңгейде өткізілуіне зор үлестерін қосқан мекеме-ұйымдардың мамандарына алғыс хаттар табысталды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу