ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ КҮНІ 180 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Бүгін Елбасының тапсырмасымен жүзеге асқан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Зашаған кентінде бой көтерген 9 қабатты 180 пәтерлік үйде басталған қоныстойға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев арнайы келіп, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.


Жалпы көлемі 10 609 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын «ТасқалаТрансгаз» ЖШС жүргізген.
– Баршаңызды бүгінгі еліміздің ұлық мерекесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Егемен ел атанғанымызға небары 29 жыл. Әрине тарихи тұрғыдан 29 жыл аз уақыт болғанымен, осы жылдар ішінде талай жетістіктерге жеттік. Алда алар белестеріміз де көп. Бұл үшін 29 жыл ішінде қалыптасқан белестерді сақтап қалуымыз керек. Ол – елдің тұрақтылығы, халықтың татулығы. Мерекемен тұспа-тұс жаңа пәтер алып жатқан тұрғындарды қуаныштарымен құттықтаймын. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін біз мемлекетімізде арнайы бағдарламаларды іске асырудамыз. Қолжетімді тұрғын үйлер салуға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы Елбасының тапсырмасымен бірнеше жыл бұрын басталғанын білесіздер. Осы аймақ 4-5 жыл бұрын жазық дала болатын. Аз уақыттың ішінде қаншама зәулім үйлер салынуда. Бәрі де халықтың игілігі үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек. Бұл несие арқылы алынған үйлер. Біріншіден мемлекет несиенің қолжетімділігін қамтамасыз етті. 5 пайызбен алынған несиені 15-20 жылдың ішінде қайтаруға мүмкіндік бар. Екі бөлмелі пәтерлер үшін айына 60 мың теңге төленеді. Бұл сіздердің жеке үйлеріңіз болады. Екіншіден, сіздер үшін бір шаршы метрі 140 мың теңге болса, мемлекет үшін шаршы метрі 215 мың теңгеге шықты. Біз мердігерге бір шаршы метрге 188 мың теңге төлеп отырмыз. Оның ішіне инфрақұрылым, ауланы абаттандыру жұмыстары кіреді. Бұл мемлекеттің халықты қолдауы, – деген өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы қуанышқа кенелген отбасыларға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады.
«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» арқылы ай сайын салым жинап, көптен күткен баспанасына қол жеткізген Айгүл Еркештаева мемлекеттік бағдарламаның тиімді тұсын ұтымды пайдалануға болатынын жеткізді. – Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында арманыма орындалды. Үш жыл бұрын «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінен» депозит аштым. Ай сайын жалақымның бір бөлігін осында салып отырдым. Міне, бүгін екі бөлмелі пәтердің кілтін қолыма алып, қуанып тұрмын. Екінші қабат, үйім жылы, кең, жөндеуі жақсы жасалған. Аумағы 61 шаршы метрді құрайды. Бүгінге дейін баспанамның жарты құнын жинадым. Сондықтан енді ай сайын небары 38 мың теңге төлеп тұрамын. Бұл жас жанұялар үшін зор мүмкіндік, – дейді ол.
Бұдан соң өңір басшысы шаңырақтарды аралап, қуаныш иелеріне «Құтты болсын!» айтты.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА



Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу