8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Желтоқсан 2020 1978 0
Қоғам

БҚО-ДА «ҚАМҚОРЛЫҚ» БАСТАМАСЫМЕН ИНКЛЮЗИЯНЫ ҚОЛДАУ КАБИНЕТТЕРІ АШЫЛДЫ

Бүгін, 14 желтоқсан күні өңірде екі инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Олардың бірі – Орал қаласындағы №5 орта мектепте, екіншісі – Теректі ауданы №1 Подстепный орта мектебінде жұмысын бастады. Кабинеттердің ашылуы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Қамқорлық» бастамасымен әзірленген мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша әлеуметтік және білім беру бастамасы аясында жүзеге асырылды.

«Қамқорлық» бастамасы аясында республикамыздың сегіз өңірінде  16 кабинет ашу көзделген болса, оның екеуі – облысымызда жұмысын бастап отыр.

– Бұл – мемлекет тарапынан ерекше күтімді қажет ететін балаларға көрсетілген қамқорлық. Болашақта Орал қаласындағы және ауылдық елді-мекендердегі мектептерде де  осындай кабинеттер ашылатын болады. Кабинетті материалдық-техникалық жабдықтармен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаты қоры» акционерлік қоғамы қамтамасыз етті. Аталмыш қоғамға және Елбасы қорына мүмкіндігі шектеулі  бүлдіршіндерге жасаған игі істері үшін алғыс айтамыз, – деді Оралдағы №5  орта  мектепте ашылған инклюзивті қолдау кабинетінің ашылуына қатысқан қала әкімінің  орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

Салтанатты рәсімде кабинеттің ашылу лентасын қиған тәрбиеленуші Ибрагим Ғұмар бастап кабинетке  кіріп, меймандар жаңа орынның жай-күйімен танысты. Кабинетті ашу үшін жергілікті бюджет есебінен 2 млн. 223 мың теңге бөлініп, кабинеттегі терезелерді ауыстыру, еден, жар, төбені тегістеу, әктеу, жарық шамдарын қондыру, жылу беру құрылғыларымен қамтуға,  линолеум төсеу, есікті жаңғырту, терезе пердесін жаңарту жұмыстарына жұмсалған. Жол картасына сәйкес кабинетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы есебінен жүргізілген. Жаттығу аймағы, жұмсақ, дивандар қойылып, әр балаға жеке жұмыстануға жағдай жасалған. Оқу құралдары, оқу ойыншықтары, монтессори, кіріктірілген оқу бағдарламалары бар интерактивті панель сынды 27 түрлі жабдықпен қамтамасыз етілген. Финляндиядан арнайы тапсырыспен алынған жиһаздар мен ойыншықтарға 30 жылдан астам уақытқа кепілдік берілген.

АЛ Теректі ауданы Подстепный №1 орта мектебінде инклюзивті кабинет ашу үшін жергілікті бюджет есебінен 1 млн. 500 мың теңге бөлініп,  кабинеттегі жар тегістеу, әктеу, жарық шамдарын қондыру, линолеум төсеу, терезе пердесін орнатуға жұмсалды. Сонымен қатар барлық кабинетке қажетті құрал жабдықтар мен жиһаздар да жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілген.

Инклюзивті қолдау кабинеті қызметкерлерінің штаттық кестелері бекітілген. Мамандар арнайы біліктілік арттыру курстарынан өтіп жұмысқа қабылданды. Кабинеттерге психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесінің қорытындысы бойынша 20 оқушы тіркелген. Айрықша күтімдегі балаларының ортаға бейімделуіне  мүмкіндік  жасағаны үшін ата-аналар Елбасы қорына, жергілікті атқарушы орган өкілдеріне  алғыстарын жаудыруда.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
512 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»