Елімізде азық-түлік 10, киім-кешек 5 пайызға ҚЫМБАТТАҒАН
Сауда және интеграция министрі қымбатшылыққа жол берген әкімдіктерді сынға алды. Бақыт Сұлтанов әлеуметтік тауарларға шекті баға белгіленсе де, атқамінерлер соның сақталуы бойынша тиісті жұмыс жүргізбейді дейді. Сол үшін коронавирустың екінші толқыны мен Жаңа жыл мерекесін сылтау қылатын пысықайлар бағаны тағы өсіріп жіберуі мүмкін деп қауіптеніп отыр.
Елімізде азық-түлік 10, киім-кешек 5 пайызға қымбаттаған.11 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш жайлы баяндаған Ұлттық банк төрағасы оған инфляция себеп дейді. Қазір ол 7,3 пайызға жетті.
Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:-Азық-түлік инфляциясы бағаның ең көп өсуіне үлес қосуда. Азық-түліктің жылдық өсуі нарықтағы жекелеген тамақ өнімдерін оның ішінде өсімдік майы, қант сияқты өнімдердің теңгерімсіздігі күшейгеннен бағасы 10,8 процентке дейін ұлғайды.
Қымбатшылық дендеген қалалардың көшін Нұр-Сұлтан бастап тұр. Мұнда жыл басынан бері жұрт көп тұтынатын әлеуметтік азық-түлік құны 15,6 пайызға, Павлодар облысында 15,4; Ал Атырау облысында 12,9 процентке өскен.
Бағаның көтерілуіне жол бермеу үшін тұрақтандыру қорлары бар. Әрі әлеуметтік 19 тауарға шекті баға белгіленген. Бірақ қалтасының қамын күйттеген сатушыларға бұл кедергі емес. Әкімдіктер оларды тексеріп, мониторинг жүргізбейді дейді Сауда және интеграция министрі. Содан соң баға бетімен кеткен.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:-Өткен жылы бағаны тұрақтандыру бойынша шара қолданбаған 7 облыс әкімінің орынбасарына сөгіс жарияланған болатын. Алайда бұл сабақ болып тиісті нәтижесін бермеді деуге болады. Мәселен былтыр Ақтөбе облысында шекті мәннен асып түсудің 5 фактісі тіркелген. Биыл да ол өзгермеген. Әкімдіктер шекті бағаны енгізуді елемейді.
Әкімдіктер елемесе, сатушылар қайтсін?! Бұлай жалғасса, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында азық-түлік тағы қымбаттауы мүмкін. Премьер-Министр бұған жол бермеуге тапсырма берді.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:-Өңірлердің әкімдіктері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы мен тарифтердің бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдасын. Бұл аса маңызды мәселе және әлеуметтік маңызы үлкен.
Шара қабылдамаса жаза бар. Енді әкімдікдер тұрақтандыру қорларының жұмысын ширатып, азық-түлік бағасын бақылауға алуы керек. Ал бағаны негізсіз өсіргендер айыппұл арқалайды.
https://qazaqstan.tv/news/134776/

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу