8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Желтоқсан 2020 1891 0
Қоғам

Әскерге барудан онлайн арқылы БОСАТЫЛУҒА БОЛАДЫ

Бұрын осы қызметтерді алу үшін әскери комиссариатқа бару керек еді.

Еlicense.kz электрондық лицензиялау порталында әскери қызметтен босату және әскерге шақыруды кейінге қалдыру қызметтері қолжетімді болды. Енді әскерге шақырылушыларға әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ, оларда бұл қызметтерді онлайн режимінде алуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.

«Бұрын осы қызметтерді алу үшін әскери комиссариатқа бару керек еді. Әскерге шақырылушылар үйден шықпай-ақ, онлайн режимінде әскерден босатуды немесе әскерге шақыруды кейінге қалдыруды алуы үшін біз ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесіп осы процесті оңтайландырдық. Қызметті 5 жұмыс күні ішінде тегін алуға болады.», – деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Қызметтерді алу үшін elicense.kz порталында авторизациядан өту қажет, кейін «Қауіпсіздік» қосымша бетінде тізімнен қажетті қызметті және мемлекеттік органды таңдау қажет. Әрі қарай, ұсынылған және қосымша өрістерді толтырып, кейінге қалдыру немесе босату себебін, сондай-ақ әскери есепте тұрған орнын көрсетіп, құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеп, ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қою қажет. Шақыру комиссиясы өтінішті қоса берілген файлдармен қарайды және әскери қызметке шақырудан босату немесе әскерге шақыруды кейінге қалдыруды ұсыну туралы қорытынды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту шығарады.

https://kaz.zakon.kz/5050585-skerge-barudan-onlayn-ar-yly-bosatylu-a.html

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
73 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
111 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
205 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
193 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
414 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»