ОРАЛДЫҚТАР 23 МЕКТЕПТІҢ ЗАЛЫНДА СПОРТПЕН ЕРКІН ШҰҒЫЛДАНА АЛАДЫ
Бұдан былай қала тұрғындары шаһардағы білім ұяларында спортпен еркін шұғылдана алады. Бүгін кешкісін қаладағы №47 орта мектептің спорт залында өткен салтанатты шарада БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров пен қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов оралдықтарға жағымды жаңалықты жеткізді.
– Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне басымдық беру қажетін айтқан болатын. Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты тұрғындарды бұқаралық спортқа және салауатты өмір салтына баулу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында кешкі уақытта және демалыс күндері қала мектептерінің спорт залдары тұрғындарға спортпен шұғылдануға берілмек. Бастысы карантиндік талаптар сақталуы тиіс, – деді жиында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қ.Есендияров.

Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Бақытжан Қаберұлы короновирусты жеңудің бірден-бір жолы спортпен айналысу екенін тілге тиек етіп, спортпен айналысқан адам кез келген ауруға қарсы тұра алатынын жеткізді. – Қаладағы мектептердің спорт залдарын тұрғындардың игілігіне пайдалануға беру облыс әкімі Ғали Есқалиевтың ұсынысымен жүзеге асуда. Спорт – денсаулық кепілі. Енді барша спортсүйер жандарды қаладағы 23 мектептің жаттығу залдарынан күтеміз, – деді Б.Қаберұлы.
Ал спорт ардагері, дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бердіғали Төлегенов жаман аурудың алдын алу мақсатында тұрғындарға қалаған уақытында спортпен шұғылдануға рұқсат беріп, жағдайларын жасап жатқан жергілікті билік өкілдеріне алғыс білдіріп, спорт залға келушілер санитарлық талаптарды қатаң сақтауы керегін ескертті. Бұдан соң №47 мектептің спорт залындағы салтанатты шара волейбол ойынына жалғасты.
Айта кету керек, мектептердің спорт залдары жұмыс күндері кешкі сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін, демалыс күндері таңертеңгі сағат 9.00-ден кешкі сағат 21.00-ге дейін спортты серік еткен жандарға есігін айқара ашады.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу