8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Желтоқсан 2020 1242 0
Өзек

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ АЯСЫНДА 188 ЖАСӨСПІРІМНІҢ ЗАҢҒА ҚАЙШЫ ІС-ӘРЕКЕТІ АНЫҚТАЛДЫ

Үш айға созылған «Учаске» жедел алдын алу шарасы аясында Орал қаласы аумағында 120 мыңнан аса мекенжай, 152 саяжай қоғамы тексерілді.  

Халық арасында ішкі істер органдары туралы имидж қалыптастыру, полицияның беделін арттыру, азаматтармен сенімді қарым қатынас орнату, сондай -ақ қызмет көрсететін аймақтарда қылмыстардың жолын кесу, түрлі құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою мақсатында 2020 жылғы 7 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында республика аумағында «Учаске» атты жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылып, өткізілді. Орал қаласы Полиция басқармасы баспасөз қызметіні ңмәліметінше, «Учаске» жедел алдын алу шарасына барлық учаскелік полиция инспекторлары толықтай жұмылдырылып, қызмет көрсететін әкімшілік аймақтарын тексеріп, рейдтер ұйымдастырды.

– Орал қаласы аумағында көп қабатты үйлерде 68 390 пәтер, 52 962 жер үй секторы бар. Аталмыш жедел алдын алу шарасы аясында 121 352 мекенжай тексерілді. 152 саяжай қоғамы, 16 789 саяжай қоғамының үйлері түгелдей тексерістен өтті.
24 шаруа қожалығына аяқтай барған инспекторлар 48 адамның деректерін тіркеді. 616 белгілі тұрағы жоқ тұлғалар БҚО Полиция департаментінің қабылдап-тарату орынына жеткізіліп, 33 тұлға орталыққа орналастырылды. 188 жасы кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, заңға қайшы іс-әрекеттері анықталды, – деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметкері Гүламан Исмағұлова.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
70 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
106 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
202 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
186 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
409 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»