8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Желтоқсан 2020 1163 0
Қоғам

АЛИК ШПЕКБАЕВ ӨҢІРІМІЗГЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

             Бүгін Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік органдар, қаржы институттары, табиғи монополиялар субъектілері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өкілдерінің қатысуымен «бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске қажетті барлық қызметтерді көрсету үдерісі орталықтандырылған «Бизнеске арналған үкімет» фронт-кеңсесінің мүмкіндіктерімен танысты.

«Бизнесті қорғау және қолдау – Агенттіктің басты басымдықтарының бірі. Тек биылғы жылдың 10 айында біз 300-ге жуық кәсіпкердің құқықтарын қорғап, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуының 160 фактісінің жолын кестік», – деп атап өтті Шпекбаев. Одан әрі Антикор төрағасы «Protecting business and investments» жобасы аясында жемқорлыққа қарсы сүйемелденетін «Кублей» және «Квант» облыстық кәсіпорындарының өндірістік үдерісімен және өнімдерімен танысты. Айта кету керек, екі жыл ішінде өңірде жалпы құны 853 млрд теңгені құрайтын жобаларды жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы 22 келісімге қол қойылды.

«Елбасы атап өткендей, экономиканың 60-70% шет елдердегідей жеке қолда болуы тиіс. Бұған қол жеткізу үшін біз жұмыс істеп тұрған бизнесті қорғап қана қоймай, болашақ кәсіпкерлерге жайлы, тұрақты және сыбайлас жемқорлықтан таза кәсіпкерліктің барлық жағдайлары бар екенін және жыл сайын тек жақсара түсетінін көрсетуіміз керек», – деп мәлімдеді инвесторлармен кездесуде А. Шпекбаев. Агенттік басшысы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде, Сервис және жаңа технологиялар колледжінде болып, сондай-ақ геопорталды дамытуға, мобильді қосымшалар арқылы мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға және облыс әкімдігіне сервистік үлгіні енгізуге белсенді қатысатын «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметімен танысты. Ата-аналары бас тартқан ерекше қажеттіліктері бар балалар да назардан тыс қалмады. А.Шпекбаев пен қоғам өкілдері Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, олар өмір сүру жағдайымен танысты.

Батыс Қазақстан облысына екі күндік жұмыс сапары азаматтық сектор өкілдерімен, облыс активімен, бизнес-қоғамдастықпен және журналистермен кездесумен қорытындыланды. Оның барысында А.Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзекті новеллалары мен Агенттіктің бір жылдағы жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Кездесу барысында спикер: «Қазіргі уақытта Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының үшінші пакетін Мәжіліс мақұлдап, Сенатқа берді. Бұл жемқорларға айтарлықтай әсер ететін ең мықты түзетулер. Атап айтқанда, шенеуніктер үшін шетелдік банктердегі шоттарға тыйым салынады, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босату жойылады. Ал құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар бұдан былай лауазымды тұлғалардың басқа санаттарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін көбірек жаза алатын болады», – деп мәлімдеді. Азаматтық қоғам өкілдерінің негізгі мәселелері тұрғын үй алу, халыққа әлеуметтік жәрдемақы беру, жұмысқа орналастыру және кәсіпкерлікке қатысты болды. Алик Шпекбаев ауданның әр тұрғынын тыңдап, азаматтардың түйткілді мәселелерін шешу бойынша тиісті жауаптар мен тапсырмалар берді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»