БҚО-ДА СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА КӘСІПКЕРЛЕР ҮЛЕС ҚОСУДА
Бұл туралы БҚО дене шынықтыру және спрорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте айтты.

Спорт саласындағы қордаланған мәселелерді шешу бағытында өңірімізде біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Қазіргі уақытта спорт саласындағы өзекті мәселелердің бірі – аудандарда спорт инфрақұрылымын дамыту, ауылдық жерлерге спорт мамандарын (әдіскер) және жас жаттықтырушыларды тарту болып отыр.
Ауыл спортының даму жағдайымен танысу мақсатында облыстың барлық аудандарына қызметтік іссапар барысында аудандарда, әсіресе, ауылдық елді мекендерде спорт залдарының тапшылығы, халықтың спортпен айналысуы үшін қажетті жағдайдың жоқтығы, спорттық құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі байқалды.
Бұқаралық спорттың дамуын, қалың бұқараға дене шынықтыру мен спорттың қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында 2020-2021 жж. КПО б.в. компаниясының инвестициясы есебінен облысымыздың 7 ауданында 8 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу көзделіп отыр. Мамыр айында компанияс қаражаты есебінен Жаңақала ауданының Жаңақала ауылында 160 көрермендік орнымен дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып, пайдалануға берілді. Орал қаласында да спорт инфрақұрылымын дамыту мәселесі оң шешіліп жатыр. Биылғы жылы мемлекет есебінен қала бойынша 8 спорттық алаң салынып, іске қосылды. Жалпы облыс бойынша 36 спорттық алаң салынған.
– Облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер мектебінің жаттығу залы тозуына және одан әрі қолдануға жарамсыз болуына байланысты, Зашаған кентінен жаңа спорт ғимараты салынып, 2021 жылы оны аталған мектептің теңгеріміне беру, іске қосу жоспарланып отыр. Жаңа спорттық нысан Зашаған кентінде тұратын балалардың, сол аудандағы тұрғындардың спортпен белсенді шұғылдануына, денсаулықтарын нығайтуына зор мүмкіндік берері анық. Сонымен қоса, Орал қаласында жеке кәсіпкерлердің қолдауымен көптеген спорттық нысандар салынып жатыр. Соның ішінде: ағымдағы жылдың қыркүйек айында кәсіпкер Алпамыс Қамалов Зашаған кентіндегі «Құс фабрикасы» ауданында жаңа спорт залын ашты. Кәсіпкер Төлеген Досболатов 10 ықшам ауданында грек-рим күресінен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Мұрат Жұмашевтың есімі берілген спорт клубын ашып, жаңа спорт ғимаратын іске қосты. «Батыс Қазақстан облысының үстел теннисі федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті, «Медициналық орталық» ЖШС-нің байқау кеңесінің төрағасы Рафхат Истаев «Омега» ықшам ауданында спорт залын салды. Оған қоса, кәсіпкер Данияр Габдуллин «Омега» ықшам ауданында көлемі 3 000 шаршы метр құрайтын «Omega Sports» атты заманауи спорт кешенінің, 10 ықшам ауданында жеке кәсіпкер, Батыс Қазақстан облысы дзюдо федерациясының вице-президенті Ғайса Жұмалиев жас дзюдошыларға заманауи талаптарға сай «Кодокан» спорт залын өз қаражаты есебінен салып жатыр, – деді Қаймен Есенаманұлы.
Биыл жеке кәсіпкер «Рахметова Қ.Ж.» Атоян стадионы жанынан екі қабатты спорттық нысанның құрылысын аяқтады. Қазір осы спорттық нысандв Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының әкімшілік-басқару қызметі орналасып, мүмкіндігі шектеулі адамдар жаттығып жүргенін атап өту керек. Осыған дейін аталған спорт клубының қызметкерлері мен спортшылары моральдық-физикалық тұрғыда тозған, жылыту жүйесі істен шыққан «Зенит» зауытының ғимаратында жұмыс істеген болатын. Бүгінгі күні келеңсіз жайлардың бәрі жойылды, қамқорлықты қажет ететін спортшылардың оқып-жаттығуы үшін барлық жағдай жасалған. Спорттық ғимаратта жеңіл атлетика, қол күресі, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, пауэрлифтинг, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі сынды спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік жасалған.
Жәнібек ауданында биыл орта мектепті бітіргендеріне 40 жыл толған ауыл азаматтары 15 млн. теңге өз қаражаттарына жылқы тұратын үлкен ат спорты кешенін салып, балалардың алғысына бөленді. Кешенді аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне тарту етті.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Кіру
Пікір үстеу