8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қараша 2020 1173 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДА ТОҒЫЗ НАУҚАС ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫНА ҚОСЫЛДЫ

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Г.Әбдрахманова коронавирустық инфекциямен тіркелген науқастардың жағдайы туралы мәлім етті. 

Бүгінгі таңда облыс аумағындағы 185 төсек-орынға арналған 4 карантиндік стационарда 46 науқас жатыр. Стационарлар толымдылығы 24,9%-ды құрайды. 359 төсек-орындық 7 инфекциялық стационарда 126 адам емделуде. Ауруханалар толымдылығы 35,1%-ды құрайды. Олардың ішінде 39 реанимациялық төсек-орында 10 науқас ем алуда. Толымдылығы 25,6 %-ды құрайды.

–  Олардың ішінде  40 пен 60 жас аралығындағылар 2 адам, 60-тан 80 жасқа дейінгі науқастар  – 6 адам, қалғандары 80 жастан асқандар. Пациенттердің барлығында қосымша созылмалы аурулар бар. атап айтқанда, 9 науқас жүрек-қан тамырлары ауруы болса, біреуі – қант диабетімен есепке алынған. Бүгінгі күні Инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратына 5 науқас қосылған және оттегі концентраторына 9 науқас қосылған, – деді Гүлнара Мақсотқызы.

БҚО бойынша жалпы коронавирус жұқтырудың 7 912 жағдайы тіркелген, оның ішінде симптомдық науқастар саны 3889, симптомсыз науқастар саны 4023-ті құрайды. Бүгінгі күні инфекция жұқтырғандардың 90,8 %-ы (7188 адам) аурудан жазылды. Олардың 3329-сі стационарлық емнен жазылып шыққандар, ал 3859-сі амбулаторлық емнен жазылғандар. Қараша айы бойынша инфекциядан жазылғандар саны 355 адамды құрады. Жалпы 131 адам көз жұмды.

БҚО халқы бойынша жалпы аурушаңдық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 1199,9-ды құрайды.  Аурушаңдықтың өсу қарқыны – 0,57. Бүгінгі таңда жағдай тұрақты.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»