ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ЖАҢА КЕҢЕСШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Орал қаласының әкімі А.Шыныбековтың өкімімен қала әкімінің кеңесшісі лауазымына Әділбек Қадыров тағайындалды.

Әділбек Жәнібекұлы 1969 жылы Ресей Федерациясының Орынбор облысы, Шарлық ауданы, Ратчино ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары, 1993 жылы Мәскеу қаласындағы Темирязев атындағы ауылшаруашылық академиясын агрохимия және топырақтану, 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясы, Алматы банк колледжін банк ісі маманы, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін экономика және бизнес магистрі мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Орал қаласының «Газпромбанк» АБ кредиттік ресурстарды тарту және орналастыру бөлімінің экономист-кассир қызметінен бастап, әр жылдары түрлі лауазымда қызмет атқарды.
1997 жылы – БҚО, Бөрлі ауданы «Казкоммерц-Газпромбанк» АДБ филиалы директорының міндетін атқарушы
1998 жылы – БҚО, Бөрлі ауданы «Газпромбанк» ААҚ филиалының директоры
1999 жылы – «Газпромбанк» ААҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы
2000 жылы – Орал қаласының «Нефтебанк» ААҚ филиалы директорының орынбасары
2000-2002 жылдары Ақтөбе қаласының «Нефтебанк» ААҚ филиалы директорының міндетін атқарушы
2002-2004 жылдары – БҚО, Бөрлі ауданының «Ақсайсервис» ЖШС-нің директоры
2004-2005 жылдары – БҚО, Бөрлі ауданы «Ақсайкомсервис» МКК директоры
2005-2006 жылдары – Орал қаласының жол пайдалану мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры
2007-2008 жылдары – Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы
2008-2010 жылдары – БҚО, Теректі ауданы әкімінің орынбасары
2010-2011 жылдары – БҚО, Теректі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы
2011 жылы Теректі ауданының қаржы бөлімі бастығының міндетін атқарушы
2011-2012 жылдары – «Жайық-Каспий экология департаменті» ММ Батыс Қазақстан облыстық филиалының зертханалық талдауды бақылау бөлімінің бастығы
2012-2013 жылдары – БҚО, Қазталов ауданы әкімінің орынбасары
2014-2016 жылдары – «Орал Таза Сервис» ЖШС-ның директоры
2016-2017 жылдары – Орал қаласының Зачаганск кенті әкімінің міндетін атқарушы
2017 жылдан күні бүгінге дейін Орал қаласының Зачаган кентінің әкімі қызметін атқарды.
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу