ЖОЛҒА ШЫҒЫП, АДАСЫП КЕТКЕН
25 қараша күні сағат 9.24-те «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал. қ)» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына 33 жасар азаматтың жоғалып кеткені туралы хабар түскен.

1987 жылғы Н. есімді азамат Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылдық округі , Ащышеген қыстағынан түнгі 01.00-де шығып кеткен.
Іздестіру жұмыстары барысында Ащышеген қыстағы мен Тайпақ ауылының арасында адасып кеткені анықталды. Жоғалған азамат бастапқы нүктеден 5 км қашықтықта Шемякин затонында, «Сербол» шаруа қожалығынан табылды. Іздестіру жұмыстары 13 сағат 03 минутта аяқталды.
Департаменттің баспасөз қызметінң хабарлауынша, іздестіру жұмыстарына Қызметтің № 20 өрт сөндіру бекетінің 1 техникасы, жеке құрамның 3 қызметкері қатысөан. Табылған азаматтың жалпы жағдайы жақсы, медициналық көмекті қажет етпеген.
БҚО ТЖД үсікке және адам өліміне жол бермеу мақсатында азаматтардан жолға шығарда ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді үнемі қадағалап отыруды және қоршаған табиғатты бақылауды ұсынады. Қауіпті құбылыстар (қатты көктайғақ, аяз, боран немесе бұрқасын) туындау қаупі төнген кезде үй-жайда қалып, елдімекен шегінен шықпаған дұрыс. Жолға шығарда ауыр және артық салмақтағы киім де кедергі боларын ұмытпаған жөн. Бейтаныс жерге бармаған дұрыс, ауа райы нашарлап, жол көрінбей кетіп, әуреге салатынына әрқашан дайын болу керек.
Төтенше жағдайлар департаментінің қатты аяз, боран, бұрқасын кезінде тұрғындардың әрекеттері туралы хабарламаларына ән беру керек.
Ал төтенше жағдай туындаған кезде 101, 112 номеріне хабарласу ұсынылады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу