«ADAL KÓMEK» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 200-ДЕН АСА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. «Волонтерлік нақты істермен көрінетін патриотизмнің жоғары деңгейін білдіреді. Отанға деген махаббат үлкен ұрандар мен бос декларациялар емес, бұл – күнделікті еңбек, соның ішінде халықтың игілігі үшін шынайы атқарылатын қайырымды істер. Бұл – күнделікті еңбек, бұл – адамның болмысы, бұл – терең білім, жоғары мінез-құлық мәдениеті», – деп Президент «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу рәсімінде атап өтті.

Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың көпшілігі өздерінің құқықтары бұзылған кезде кіммен байланысатындығын, қай мемлекеттік органның құзыретіне оның сұрақтары кіретінін және шағым беру тәртібін білмейді. Бірақ өтініштін қаралу нәтижесі хаттың дұрыс даярлағанына және тиісті органға жолдауына байланысты.
Осыған байланысты Агенттікте «Еріктілер жылы» аясында «ADAL KÓMEK» жобасы іске қосылды.
Мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмектер көрсету болып табылады.
Еріктілер ретінде Агенттіктің қызметкерлері, тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, сондай-ақ студенттер, магистранттар, докторанттар, ЖОО заң факультеттерінің оқытушылары шығып, олар тұрғындарға өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша тұрақты түрде тегін кеңес береді.
Елімізде «Covid-19» пандемиясының таралуына жол бермеу мақсатында «ADAL KÓMEK» жобасы онлайн форматта жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында аудан орталықтарында да тұрақты түрде онлайн құқықтық кеңес берулер ұйымдастырылуда.
2020 жылдың 10 айында Департаменттің ұйымдастыруымен 221 онлайн тегін құқықтық кеңестер берді. Жалпы тегін құқықтық кеңеске әртүрлі сұрақтармен өңірдің 1000-нан астам тұрғыны жүгініп, 110-нан астам тұлға ерікті ретінде қатысты.
Мәселен, Орал қаласының тұрғыны жобаға коллекторлық компанияның әрекеті бойынша жүгінен болатын. Оған заң аясында тиісті түсінік жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні бұл мәселе толықтай өз шешімін тапты.
Тұрғындар көбіне жер, үй, несиені қайтару мәселелерімен жолығады. Ең өкініштісі азаматтардың келісім шарттарды оқымай қол қойып жіберіп, кейін өкініп жатады.
«ADAL KÓMEK» жобасы әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде жүргізілетіндіктен, басқа облыстардың да тұрғындары сауалдарын жолдауда. Мысалы, Қостанай облысының тұрғыны Айгүл есімді азаматша Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде есеп-шот ашу және тұрғын үй мемлекеттік бағдарламалары бойынша өз сауалын жолдаған болатын.
Орал қаласындағы пайда болған қоғамдық көліктер жолақтары туралы және басқа да жолда жүру ережелері бойынша полиция қызметкерлері қатысуымен тікелей эфир ұйымдастырылып, эфирді 800-ден астам адам көрді.
Жалдамалы тұрғын үйде тұрып жатырған азаматтар да өздеріне берілген келісім шарттарды толық қарамаған. Яғни, ол жерде пәтерді пайдаланушы міндеттері мен құқықтары толық көрсетілген. «Адал көмек» жобасы бойынша тікелей эфирде келісім шарт туралы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшылығы кең көлемде түсіндіру жұмысын жүргізді.
«ADAL KÓMEK» жобасы аясында тегін құқықтық кеңес беру алдағы уақытта да тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.
Нұрдәулет СӘМЕТ, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу