БҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 33 АДАМНАН КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ АНЫҚТАЛДЫ
Батыс Қазақстан облысы бойынша коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифнгте БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев айтып берді.

Облыс бойынша COVID-19 7805 жағдайы тіркелген, оның ішінде симптомдармен – 3831, симптомсыз – 3974 жағдай, сырқаттанушылықтың жалпы көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1182,7 құрады. Індеттен 7037 адам сауығып, өкінішке орай 130 адам қайтыс болды.
1-23 қараша аралығында коронавирустық инфекциямен барлығы 781 жағдай тіркелген, оның ішінде 349 жағдайда ауру белгілері бар болса, 432 жағдайда –ауру белгілері жоқ.
Орал қаласы бойынша барлығы 527 жағдай анықталды, бұл барлық аурулардың 67,4 пайызын құрады. Бәйтерек ауданында – 103, Бөрлі ауданында – 52, Теректі ауданында – 21, Шыңғырлау ауданында – 29, Жәнібек және Казталов аудандарында – 12 жағдайдан, Жаңақала ауданында – 7, Сырым ауданында – 6, Қаратөбе ауданында – 3 жағдай, Тасқала және Ақжайық аудандарында – 4 жағдайдан, Бөкей ордасы ауданында бір жағдай тіркелді.
Маманның айтуынша, аталған жағдайлар жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 330 адамда (42,3%), ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 224 адамда (28,9%), стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 120 адамда (18,4%) және профилактикалық мақсатта тексерілген 74 адамда (10,3%) анықталды.
БҚО өткен тәулік ішінде коронавирустық инфекциямен 33 жағдай тіркелді, оның ішінде 17 жағдайда ауру белгілері бар болса, 16 жағдайда ауру симптомсыз. ЖРВИ белгілерімен тексерілгендер арасында – 13 жағдай, қарым-қатынаста болғандар арасында – 10 жағ., профилактикалық мақсатта тексерілгендер арасында – 6 жағдай, эпидемиологиялық қадағалау мақсатында тексерілгендер арасында – 4 жағдай тіркелді.
1 қарашадан 23 қарашаға дейінгі аралықта облысымызда мемлекеттік шекарадан барлығы 18683 адам өтті, оның ішінде 3465-і – жолаушы, COVID-19 анықтамасынсыз – 347 жолаушы өткен. Анықтамасыз жолаушылар 3 тәулікке карантиндік стационарға орналастырылып, ПТР әдісімен COVID-19 тест алынды, оның 7-еуінде тест қорытындысы оң нәтиже көрсетті. БҚО арқылы өткен 2 жақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер саны – 6482, оның ішінде 4057 жүргізушінің анықтамалары бар. Ал 2425 жүргізушіде анықтама жоқ болуы себепті олардан ПТР әдісімен COVID-19 тест алынып, қорытындысында тест 22 адамда оң нәтиже көрсеткен.
Үстіміздегі жылдың қараша айы басталғалы облыс бойынша барлығы 34684 адам зертханалық тексеруден өтті, ал індет басталғалы – 196307 адамнан сынама алынған. Бүгінгі күні облыс ПТР диагностикасы үшін 60178 зерттеуге арналған 1203 тест-жүйесімен қамтамасыз етілген.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама

Кіру
Пікір үстеу