8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қараша 2020 990 0
Қалалықтар қаперіне

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ 85,5 ПАЙЫЗЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы облысы бойынша филиалының 10 айда атқарған жұмыстары мен мемлекеттік қызметтерді оңтайландырудағы жаңашылдықтары туралы бүгін өңірлік комуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте баяндалды. 

 

Фронт-офистерді үйлестіру  басқармасының басшысы Гүлнұр Ахметованың сөзінше, бүгінде мемлекеттік қызметтердің 85,5 пайызы электронды форматқа ауысып, қызметтерді алу реті жеңілдетілді. Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді онлайн алуды үйреніп, фронт-офистердегі қызмет көрсету аймағы кеңейді. Пандемияның әсерінен электрондық үкімет порталына сұраныс артқан.

– Осы жылдың сәуір айында Азаматтарға арналған үкіметтің құрылғанына 4 жыл толды. Аз уақыт ішінде корпорациямыз халыққа сапалы қызмет көрсетіп, нәтижелі жұмыс істеді. Алдағы уақытта жылдам, әрі оңай көптеген цифрлық жаңашылдықтар болады деген сенімдеміз. ХҚО қызмет алушыларды электронды үлгідегі жеке куәлік арқылы қабылдайтынын ашып айтуға болады, – деді Гүлнұр Бекбауқызы.

ХҚО мамандары 10 айда 500 000-ға жуық қызмет көрсетті. Жалпы корпорация арқылы мемлекеттік реестр тізіміндегі 698 қызметтің 649-ы egov.kz порталы арқылы көрсетіледі, яғни 85,5 пайызы бүгінде электронды нұсқада қолжетімді. Ал электрондық қызметтердің барлығын азаматтар өз бетінше egov.kz порталы, eGov mobile мобильді қосымшасы, Telegram-Bot, Facebook және Вконтакте әлеуметтік желілері арқылы оңай рәсімдей алады.

Биылғы сәуір айынан бастап карантиндік режимге сәйкес еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысының тоқтаған болатын. Оның орнына 1414 call-орталықтарымен қоса, «виртуалды ассистент» қызметі қосылды. Яғни мамандар мемлекеттік қызмет алушыларға бейнеқоңырау арқылы кеңес бере отырып, қызмет алушылардың мобильдік нөмірін арнайы базаға тіркеді. Ал қазіргі таңда ХҚО-ның барлық жұмысы жанданып, тиісті санитарлық талапқа сай сағат 9.00 ден 18.00-ге дейін жұмыс атқарып жатыр.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»