ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА 399 МЛРД. ТЕҢГЕ АУДАРЫЛДЫ
2020 жылдың 9 айында міндетті әлеуметік медициналық сақтандыруға (МӘМС) шамамен 399 млрд. теңге аударылды. Экономикалық белсенді емес халық үшін мемлекеттен транш, ал бұл 11 млн адам, 222 млрд теңгені құрады. 115 млрд. астам теңгені жұмыс берушілер, 49,5 млрд теңгені – жалдамалы жұмысшылар, 7 млрд теңгені – жеке кәсіпкерлер, 2,5 млрд теңгені – БЖТ төлеушілер, 1,5 млрд теңгені – азаматтық – құқықтық сипаттағы шарт бойынша еңбек ететін жеке тұлғалар, 1 млрд теңгені – өз-өзіне төлем жасаушылар жіберді.

Есеп беру кезеңінде ең көп аударымдарды Алматы, Нұр-сұлтан және Қарағанды облыстарының тұрғындары, ең аз аударымдарды Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының тұрғындары жүргізді.
МӘМС үшін жарналар мен аударымдар Ұлттық банктегі арнайы шотқа түсетінін атап өткен жөн. Бұл қаражат Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізуші – медициналық ұйымдары көрсеткен МӘМС пакетінің медициналық қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалады.
Қазіргі уақытта медициналық сақтандырумен 15,8 млн адам қамтылды.
Қаңтардан қыркүйекке дейін Қор МӘМС пакетінің медициналық көмегін қаржыландыруға 215,4 млрд теңге жіберді. Шығындардың басым бөлігі – 90 млрд теңге-стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті қамтамасыз етумен байланысты. Жалпы, МӘМС бойынша тәуліктік стационарларда 591 мың пациент, күндізгі стационарларда 373 мың пациент емделді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 17 млрд теңгеден астам соманы қаңтардан қыркүйекке дейін жоғары технологиялық медициналық қызметтерді төлеуге бағыттады – бұл, ең алдымен, қымбат тұратын операциялар: емделген жағдайлардың саны 5 мыңнан асады, олардың орташа құны – шамамен 3,1 млн теңге.
Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту үшін 16,6 млрд теңге төленді, емделген жағдайлардың саны – 80 мыңнан астам. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта азаматтардың коронавирус пен коронавирустық инфекциямен аурығаннан кейін оңалтудан өту мүмкіндігі бар.
Есептік кезеңде консультациялық-диагностикалық қызметтерге ӘМСҚ 65,6 млрд теңге бағыттады, 7,7 млн зерттеу жүргізілді. Тұрғындар арасында жүргізілген скринингтер үшін 2 млрд теңгеден астам төлем жасалды.
9 айда халықтың жекелеген санаттарына 10 млрд теңгеге жуық сомаға 5,3 млн-нан астам стоматологиялық қызмет көрсетілді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациенттердің құқықтарын қорғау – Қордың жұмысындағы басымдық екенін еске салады. Егер пациент медициналық көмек көрсетуден бас тартуға тап болса немесе ол тиісті түрде көрсетілмесе, онда кері байланыс арналары – 1406 нөмірі бойынша байланыс орталығы, Qoldau 24\7 мобильді қосымшасы немесе SaqtandyruBot, Telegram-боты арқылы ӘМСҚ-на жүгінуі қажет. Қордың мамандары мен сарапшылары Жедел әрекет етіп, қажетті көмек көрсетеді», – деп атап өтті ӘМСҚ баспасөз қызметінде.
Айта кету қажет, тек қаңтар-қыркүйек айларында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына халықтан 469 мың өтініш түсті. Барлық өтініштердің 454 мыңнан астамы консультациялық сипатқа ие, алты мыңға жуығы – шағымдар, екі мыңнан астамы – медициналық ұйымдар мен дәрігерлерге алғыс.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу