8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қараша 2020 1294 0
Қалалықтар қаперіне

КӨЛІКТІҢ ИЕСІ ІЗДЕСТІРІЛУДЕ

Оралдық полицияның иесіз көлікті күзеткеніне екі айға жуықтады. Оралдық сақшылардың жол бойында иесіз қаңтарылған жүк көлігін торып жүргеніне екі айға жуықтады. Облыстық полиция департаментінің дерегінше, бұл көліктің жүруіне тыйым салынған.


Сақшылар тоқтатқан кезде жүргізушісі көліктен түскенде кілтті жоғалтып алғанын айтып ақталыпты. «Қосалқы кілтін үйден әкелемін» деп кеткенінен әлі оралмаған. Енді полиция жол жиегінде тұрған иесіз мәшинені күзетуге мәжбүр болып отыр. Полициядан айласын асырған иесі көлікке тиелген етті басқа көлікке тиеп әкетіпті.

Жүк мәшинесінің иесі – Орал қаласының тұрғыны. Осыған дейін де оның бір көлігі төленбеген қарызы үшін ұсталып, айыптұраққа апарылған екен. Енді сақшылар мына көлікке не істерін білмей дағдарып отыр.

БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібековтың айтуынша жүргізуші із-түзсіз, хабарсыз кеткен.

– Облыстық полиция батальоны командирінің соққан қоңырауларына жауап бермейді. Айыптұраққа апаруға үлкен жүк көлігі, бізде ондай мүмкіндік әзірге жоқ. Әсіресе, тәуліктің қараңғы уақытында бұл автокөлік жол қозғалысының басқа да қатысушыларына өз кедергісін жасауда. Сол үшін де патрульдік автокөлік сол жүк көлігінің маңында, айналасында жүруге мәжбүр болып отыр,– деді Болатбек Еркебұланұлы.

Айнара ИСА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
111 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
167 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
233 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
265 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
310 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»