БҚО-ДАҒЫ ЖЕТІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДА 129 НАУҚАС ЕМ АЛУДА
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Г.Әбдрахманова коронавирустық инфекциямен тіркелген науқастардың жағдайы туралы мәлім етті.

Гүлнар Әбдрахманованың мәліметінше, бүгінде Тасқала, Жәнібек, Ақсай және Сырым санитарлық бекеттері жанында ашылған, 185 төсек-орын қоры бар төрт карантиндік стационарда 27 науқас жатыр. Толымдылығы 14, 6 пайыз. Қосымша резервті инфекциялық төсек орындарынан Бөкейорда ауданынан 16 инфекциялық төсек орны ашылған. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, көпбейінді аурухана және Бөрлі, Ақжайық, Жәнібек, Бәйтерек және Бөкейорда аудандық ауруханалары базасындағы 349 төсек – орындық жеті инфекциялық стационарда 129 адам емделуде. Сонын ішінде 8 адам реанимациялық ем алуда.
Ем алушылардың көбі үлкендер екенін атап өту керек. Маманның мәліметінше, 80 пайызы 60-тан 80 жасқа дейінгі науқастар болып отыр. 20 пайызы – 80 жастан асқандар. Пациенттердің барлығында ілеспелі аурулар бар. 6 науқаста жүрек-қан тамырлары ауруы болса, бір науқаста тыныс алу жүйелері ауруы, тағы бірінде созылмалы бүйрек ауруы бар. Қазіргі уақытта өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған адам жоқ.
Сонымен қатар, 2028 резервтіктөсек-орынқоры дайындалды, оның 1253-і инфекциялық стационарларда, 775 карантиндік стационарларда.
Жалпы облыс бойынша барлық емханаларда ситуациялық орталықтар сағат 8.00-20.00 аралығындажұмыс жасауда. Қазіргі таңда КВИ бойынша 1775 қоңырау келіп түсіп, 4233COVID-19 бен ЖРВИ белгілері бар науқастар фильтрға жүгінген.
– Эпидемиологиялық жағдайға байланысты емханаға тіркелген тұрғындарға медициналық мекемелерге аса қажеттілік пен көрсеткіштерсіз бармауға кеңес береміз. COVID-19 бен ЖРВИ белгілері бар науқастарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін мобильді бригадалар жұмыс жасайды. Мобильдік бригаданың жұмыс кестесі таңғы сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін. Бригадалар арнайы автокөлікпен, жеке қорғаныс құралдарымен, сынамаларды жинауға арналған жинақтармен, антисептиктермен, пульсоксиметрлермен, артериалдық қысым өлшеуге арналған аппараттармен қамтамасыз етілген. Орта есеппен бір емхананың мобильдік бригадасы күніне 9-10 шақыртуларға барады, ал жалпы облыс бойынша 100 шақты шақыртуларға барып, медициналық қызмет көрсетеді. Облыс тұрғындары ЖРВИ симптомдары байқалса үйде болып, дәрігерді шақырту үшін тіркеу бөліміне хабарласу керек, ситуациялық орталық мамандары кеңес беріп, қажет болған жағдайда дәрігер қабылдауын ұйымдастырады, – деді Гүлнара Мақсотқызы.
-Сонымен қатар 109 CALL-орталығы жұмыс жасайды. Соңғы аптада «109» call–орталыққа – 3068 қоңырау түскен, соның ішінде COVID–19 бойынша – 942 қоңырау. Соңғы тәулікте 403 қоңырау түссе, онығ 69-ы COVID–19 бойынша.
Айта кетейік, қазіргі уақытта облыста коронавирустық инфекциямен тіркелген науқастар 7643-ке жетті. Соның ішінде симптомдық 3744 науқас, симптомсыз 3899 науқас. 7009 науқас жазылып шықты. Оның ішінде стационарлықдеңгейде сауыққандардың саны 3272 адам, амбулаториялық деңгейде ем алып шыққан – 3737 адам. Жалпы 130 адам көз жұмды. Аурушаңдық көрсеткіші 1159-ды құрайды. Аурудың өсу темпі 0,59-ды құрайды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу