8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қараша 2020 1146 0
Қоғам

АҚҚУЛАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Жәнібек ауданы аумағындағы су қоймасында мұзға қатып қалған аққулар құтқарылды. Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Бүгін, 18 қарашада Жәнібек ауылдық округі әкімшілігінен Жәнібек ауылының солтүстік-батыс жағындағы су қоймасының беткі жағында жабайы аққулардың қатып жатқаны жөнінде хабар түскен. Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда құстар таңертеңгі уақытта мұзға жабысып қалған. Алайда құстардың айналасындағы мұзды жарғанмен, алып шыға алмаған. Құстар түнге қалса одан сайын тоңып, мұзға жабысып, өліп қалу қаупі болды.
Оқиға орнына БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №21 өрт сөндіру бекетінің құтқарушылары жедел жетіп, аққуларды құтқарды.
Қазіргі уақытта құстар Жәнібек ауылы тұрғынының жылы қорасына жеткізіліп, орналастырылды.
Жабайы құстар – аққуларды көктемге дейін үй-жайға орналастыру мәселесі шешілетін болады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
96 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
148 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
325 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»