14 МЫҢНАН АСТАМ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕМХАНАНЫ ТАҢДАУ МҮМКІНДІГІН ПАЙДАЛАНДЫ
Соңғы екі ай ішінде емхананы еркін таңдау науқаны жүргізілді. 2020 жылғы 15 қарашадағы жағдай бойынша бұл мүмкіндікті 14 мыңнан астам адам пайдаланды.

«Медициналық-санитариялық көмек ұйымына тіркелу – бұл ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызметтердің барлық спектрін алу үшін қажетті шарт. Үйде медициналық көмекті ұйымдастыру кезінде қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тұрғылықты жеріңізге тікелей жақын жерде тіркелгеніңіз жөн», – деп атап өтті филиал директоры Нұржамал Жұмағұлова.
Бекіту науқанынан тыс кез келген уақытта БМСК ұйымын бірнеше жағдайда ауыстыруға болатынын атап өтеміз. Егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін немесе оқитын жерін ауыстырса, басқа елді мекенге көшсе, егер ол бекітілген емхана қайта ұйымдастырылса немесе таратылса және т. б.
Естеріңізге сала кетейік, ЭЦҚ болған жағдайда емханаға электрондық үкімет порталында тіркелуге болады www.egov.kz ол үшін «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Барлық өрістер толтырылғаннан кейін пациент туралы ақпарат автоматты түрде емханаға түседі. Егер барлық манипуляциялар дұрыс жасалса, өтініш берушіге медициналық мекеменің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған тіркеу туралы хабарлама келеді.
Сонымен қатар, БМСК ұйымында бұл қызмет зейнеткерлерге, мүгедектерге, бала кезінен мүгедекке заң бойынша тағайындалған қамқоршыларға, патронат тәрбиешілерге, колонияларда жазасын өтеп жатқан сотталғандарға, студенттерге, сондай-ақ медреседе оқитындарға, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге, шет мемлекеттерде туған балаларға, сондай-ақ сенімхат бойынша тіркелуді ресімдейтін адамдарға көрсетіледі. Ол үшін еркін нысанда өтініш жазып, жеке басын куәландыратын құжатты көрсету жеткілікті.
Бекіту науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша Медициналық қызметтер көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі. Толығырақ ақпаратты Қор сайтының «Емхананы таңдау» бөлімінен біле аласыз.
Айта кету керек, БМСК ұйымына тіркелген азаматтар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде осы ұйымда медициналық көмекті ала бастайды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу