ОРАЛДА МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ
Бүгін Орал орталық мешітінде Адамзаттың Ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген айының құрметіне орай Мәуліт оқылды. Бұл туралы ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі хабарлады.

Еліміздегі эпидемиялық жағдай кезіндегі сақтық шараларына байланысты ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Мұхтарханұлының ұйымдастыруымен облыстық орталық мешітінде онлайн режимде Мәуліт шарасы өтті.
Екі дүние сардары, адамзаттың мырзасы болып табылатын сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние есігін ашқан айдың құрметіне орай ұйымдастырылған іс-шарада облыстық орталық мешітінің азаншысы Асхат Асылбекұлы қасиетті құранды оқыса, наиб имам Мейрамбек Ақылбекұлы мәуліт оқып, бас имам Мұратбек Қыстаубаев Жаратушы Алладан еліміз бен жеріміздің амандығын тіледі.
Мәулітке орталық мешітінің ақсақалдары мен мешіт қызметкерлері қатысты.
Аталмыш рухани шара мешітіміздің Instagram әлеуметтік желісіндегі akmeshit_bko.07 парақшасынан тікелей эфирде көрсетілді.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу