БИЫЛ БҚО-ДАҒЫ 32 АУЫЛ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛАДЫ
БҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде ұзындығы 292,188 шақырым болатын сумен жабдықтаудың 17 объектісін салуға және реконструкциялауға 5,8 млрд.теңге бөлінген. Жалпы бұл жұмыстар 25 елдімекенде атқарылуы тиіс. Қазіргі уақытта 17 ауылдық елдімекенде жұмыстар аяқталды. Сумен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО Құрылыс басқарасы басшысының орынбасары Нұркен Молдашев айтып берді.

БҚО-да 428 ауылдық елдімекен бар, оның 52,8 пайызы, яғни 226 елдімекен орталықтандырылған сумен жабдықталған.
– Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде ұзындығы 292,188 км 25 ауылдық елдімекенде сумен жабдықтаудың 17 объектісін салуға және реконструкциялауға республикалық бюджет есебнен – 4,702 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,097 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі күні су құбыры ұзындығы 210,3 км 17 АЕМ-де 11 жоба бойынша жұмыстар аяқталды, жыл соңына дейін су құбыры ұзындығы 81,888 км 8 АЕМ-де сумен жабдықтаудың тағы 6 жобасын пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 5 мыңнан астам халқы бар 7 ауылдық елдімекенді қамтитын 1,8 млрд.теңгеге 7 сумен жабдықтау объектісін реконструкциялау жүргізілуде, – деді Нұркен Еділұлы.
Жыл қорытындысы бойынша 27 мың адамды қамтитын 32 ауылда ұзындығы 372,259 шақырымдық су құбыры салынып, 24 сумен жабдықтау объектісін пайдалануға беру жоспарлануда.
Оның ішінде Ақжайық ауданында – 6 ауылда (Кеңсуат, Жамбыл, Бітілеу, Базартөбе, Қызылжар, Қадырқұл), Теректі ауданында – 2 ауылда (Богданов, Приречное), Сырым ауданында – 6 ауылда (Қосарал, Жетікөл, Тоғанас, Аңқаты, Құспанкөл, Тасқұдық), Казталов ауданындағы – 1 ауылда (Қарасу), Бәйтерек ауданында – 5 ауылда (Володарское, Асан, Үлкен шаған, Колесова, Октябрьское), Тасқала ауданында – 3 ауылда (Тасқала, Мереке, Қалмақ), Бөкейорда ауданында – 2 ауылда (Шоңай, Мұратсай), Жәнібек ауданында – 1 ауылда (Тегісшіл), Шыңғырлау ауданында – 3 ауылда (Алмаз, Ақтау, Ардақ), Бөрлі ауданында – 1 ауылда (Ақбұлақ), Жаңақала ауданында – 2 ауылда (Қырқопа, Қызылоба) нысандар іске қосылады.
2021 жылға республикалық бюджетке сумен жабдықтау және реконструкциялау объектілері бойынша 5,5 млрд. теңгеге 18 жобаны іске асыруға бюджеттік өтінім ұсынылған. 18 жобаны іске асыру кезінде 244 ауылдық елдімекен (57%) немесе 289,3 мың адам (89,8%) орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу