8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қазан 2020 1039 0
Қоғам

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР енді шоттан кез келген соманы шеше алмайды

Қазақстанда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалар үшін шоттан шешіліп, қолға берілетін ақша көлеміне шектеу енгізіліп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді. 

Бұл «банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мемлекеттік кірістер органдарына белгіленген лимиттен асатын қолма-қол ақшаны беруден бас тартуға негізделген мәліметтерді ұсынатын екінші деңгейлі банктер мен ұйымдардың міндеттемесінде қарастырылған».

Осылайша, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануды ескере отырып, келесі шешімдердің бірі қабылданады:

— төмен тәуекел дәрежесі үшін — қолма-қол ақшаны беруден бас тартуға негіз болмаған кезде;- жоғары тәуекел дәрежесі бойынша — қолма-қол ақшаны беруден бас тартуға негіз болатындығы туралы.

Екінші деңгейдегі банктермен жұмыс жасағанда салық төлеушілер бұл ақпаратты ескеруі керек, деп атап өтті Мемлекеттік кірістер департаментіндегілер.

Естеріңізге сала кетейік, бір ай ішінде кәсіпкерлік субъектілердің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасына келесі шекті сомалар бойынша белгіленді:

— 20 миллион теңге — шағын кәсіпкерлікке;

— 120 млн — орта бизнес үшін;

— 150 миллион — ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
110 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
166 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
230 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
264 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
309 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»