8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қазан 2020 1209 0
Дені сау ұлт

ТОҒЫЗ АЙДА 5 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ – ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ

2020 жылдың тоғыз айында 4,9 млн. қазақстандыққа профилактикалық тексеру жүргізілді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры осы мақсатқа 2,1 млрд теңге жұмсады.

Естеріңізге сала кетейік, Сovid-19 таралуына байланысты шектеу іс-шаралары кезеңінде емханалар профилактикалық тексерулер жүргізуді уақытша тоқтатты.

«Профилактикалық тексерулер ауруды ерте кезеңде анықтауға және қажет болған жағдайда уақтылы емдеуді бастауға мүмкіндік береді. Қазір профилактикалық тексерулер қайтадан қолжетімді және Біз қазақстандықтарды өз денсаулығына қамқорлық жасауға шақырамыз: тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексерулерден өтуге шақырамыз», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы» № 685 бұйрығына сәйкес скринингке 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар және 30-дан 70 жасқа дейінгі ересектер жатады.

Балалар жыл сайын кәмелетке толғанға дейін профилактикалық тексеруден өтеді. Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілерін, мектеп оқушыларын, орта арнаулы оқу орындарының оқушыларын және 18 жасқа дейінгі студенттерді білім беру ұйымдарындағы көшпелі бригада тексереді. Мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын балаларды тексеру емханада немесе отбасылық денсаулық орталықтарында жүргізіледі.

30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін төрт жылда бір рет жатыр мойны обырының скринингі көзделген, оған қарап-тексеру мен цитологиялық зерттеу кіреді. 40 жастан кейін екі жылда бір рет әйелдер сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау үшін алдын – ала тексеруге және маммография жүргізіледі.

30-дан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер екі жылда бір рет әртүрлі аурулардың дамуының мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау үшін тексерілуге жатады. Егер дәрігер пациенттің артық салмағы бар, физикалық белсенділігі төмен, темекі шегетін немесе қауіпті дозаларда алкоголь ішетінін анықтаса, онда профилактикалық кеңес, мінез-құлқын өзгерту туралы ұсыныстар беріледі, денсаулықты сақтау мектебіне жібереді.

40 жастан кейін ерлер мен әйелдер екі жылда бір рет артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы ерте анықтауға скринингтен өтеді.

50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер екі жылда бір рет колоректальды обырды ерте анықтау үшін скринингтен өтуі қажет. Тексеру гемокульт тестін қамтиды, егер ол оң нәтиже берсе, науқас ішектің колоноскопиялық зерттеуінен өтуге жіберіледі.

Айта кету керек, профилактикалық тексерулерді қаржыландыру МӘМС қаражаты есебінен жүзеге асырылады, сондықтан скринингтен өту үшін сақтандыру мәртебесіне ие болу қажет. Сонымен қатар, Мемлекет 15 жеңілдік санатына жататын 11 млн қазақстандық үшін жарна төлейді.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»