8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қазан 2020 1252 0
Қоғам

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА 11 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Биыл шаһардағы 11 аула аумағын абаттандыру үшін қазынадан 400 млн. теңге бөлінген. Жаңарған аулалардың бірі – Деркөл кентіндегі  ІІ Молодежная  көшесі 1/1, 1/2, 1/3, 1/4  аула аумағы. 20  қазан күні қала әкімі Абат Шыныбеков аталған аулада атқарылған жұмыстарды көріп, тұрғындармен тілдесті. 

Бұл аула аумағын абаттандыру жұмысы шілде айында басталған. Мердігер мекеме «Айдана» ЖШС бүгінде  жұмыстарды 90 пайызға аяқтады. Жоба бойынша аулаға кіреберіс жолдар салынып, асфальт-бетонды жабын төселген. Жиектастар мен әр кіреберіс алдына кеспетастар орнатылған. Бірнеше орындық, урналар қойылған. Сондай-ақ балалар қауіпсіздігі үшін резеңке жабын төселген шағын балалар алаңы салынып, ойын құрылғылары орнатылған.

Көпқабатты төрт үйдің тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Абат Абайұлы абаттандырылған ауланы бұдан әрі күтіп-ұстау, сақтау азаматтардың өз жауапкершіліктерінде екенін жеткізді. Сондай-ақ ұсыныс-тілектерін тыңдады.  Бұл мекенжайдағы үйлердің әрқайсысына күрделі жөндеу жұмыстары қажет. Осы ретте  тұрғындар мемлекеттік ТҮКШ жаңғырту бағдарламасына қатысуға ниетті. Оған дейін әрине бірқатар құжаттарды реттеу қажет.  Ауланы көгалдандыруды аула тұрғындары өздері келер жылдың көктемінде бастайтын болып келісті.

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Орынбасар Бисенғалиевтің айтуынша, енді абаттандырылған аула аумақтарын жарықтандыру жұмыстары жүргізілмек.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
98 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
151 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
339 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
331 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»