8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қазан 2020 1458 0
Қоғам

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ АССАМБЛЕЯЛЫҚТАРДЫҢ 14-ШІ «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ»

Батысқазақстандық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері «Қайырымдылық керуені» акциясының 14-ші кезеңін ұйымдастырып, 20 қазан күні 50 отбасыға әлеуметтік азық-түлік өнімдерін жеткізді.

Елімізде  төтенше жағдай жарияланғаннан бастап ассамблеялықтар «Қайырымдылық керуені» акциясын жүйелі ұйымдастырып келеді. БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Дулат Мақатовтың айтуынша, бүгінге дейін 13 акция өткізіліп, 1000 шақты отбасыға жалпы 11,5 млн. теңге шамасындағы көмек берілген. Ассамблеялықтардың бастамасына этно-мәдени орталықтардың волонтерлары, меценат-кәсіпкерлер үн қосып жүр. Кезекті акцияны ұйымдастырып, азық-түлік жиынтығын алуда да осы азаматтардың үлесі мол.

– Қайырымдылық – қайырлы іс. Ниет білдіріп көмек көрсетіп жатқан жандарға алғысымыз шексіз. Осы акцияны «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы «Бірлік» еріктілер тобымен бірігіп, жасы ұлғайған жандарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жалғызбасты қарияларға азық-түлікпен көмек көрсетуді көздедік. Қоржынға ұн, тұз, күріш, макарон өнімдері сынды  әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер, жеміс-жидек салынды. Сұранысқа сай 50 қоржынның  30-ы – Орал қаласының тұрғындарына, 20-сы – Жаңақала ауданына жеткізіледі.  Әлеуметтік  қоржындар отбасындағы бала санына байланысты жасақталады. Мәселен, отбасында 1-3 бала болса, 7500 теңгенің  қоржыны беріледі, ал 4-7 балалы жанұяға – екі қоржын, яғни 15  мың теңгенің азық-түлігі ұсынылады, 7 баладан жоғары балалары бар отбасыларға – 22,5 мың теңгеге сай келетін азық түлік беріледі, – дейді Дулат Мақатов.

«Жаңғыру жолы» қозғалысы бүгінде  100-ден аса еріктіні біріктіріп отыр. Олар әрдайым белсенді әрі ұйымшыл. Қозғалыс ағымдағы жылдың мамыр айында су тасқынынан зардап шеккен оңтүстіктегі Мақтаарал ауданына да гуманитарлық көмек жинап, 12 тонна жүк жіберген болатын.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
73 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
111 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
205 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
193 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
414 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»